Сенбі, 04 мамыр, 06:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

27 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

27.02.2024

404 0

Сурет:kaz.nur

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Барлығын жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз, себебі махаббат жолы ешқашан оңай болған емес. Қайта сүйіктіңізді кездесуге шақырып, қандай да бір мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса, талқылап, ортақ шешімін табуға тырысыңыз.

Торпақ

Бүгін сүйікті адамыңызға қызғануға себеп бермеңіз: ұстамдыра болыңыз. Сбебі қарым-қатынасыңыз ушығып кетіп, соңы жақсылыққа апармауы мүмкін.

Егіздер

Бүгін кеш – өзіңізге ұнайтын жанмен танысуға, батыл әрі романтик болуға таптырмас уақыт. Ал егер сүйіктіңіз бар болса, оны кешкі асқа шақырып, бірге тамаша уақыт өткізіңіздер.

Шаян

Егер сүйіктіңізге өз сезіміңізді білдіруге әлі дайын емеспін деп ойласаңыз, керісінше, батылырақ болыңыз! Алайда тек әдемі сөздермен баурап аламын десеңіз, қателесесіз. Кім де болсын, сөзден гөрі іспен дәлелдегенді ұнатады емес пе?

Арыстан

Бүгін махаббатыңызды кездестіруге мүмкіндік бар, сондықтан адамдармен өте шынайы болыңыз.

Бикеш

Бүгін екінші жартыңыз сізге сый-құрмет көрсетіп, сезімдеріңізге деген сеніміңіз арта түседі. Сол себепті сіз де аянып қалмай, сүйіктіңіздің романтикаға толы сәттерді барынша сезінуіне сеп.

Таразы

Сүйіспеншілікте серіктесіңізге қысым жасамаңыз, жұмсақ және ашық болыңыз, сонда ол сізбен бірге қуана-қуана уақыт өткізеді.

Сарышаян

Есіңізде болсын, сүйіспеншілік сіздің барлық ісіңізде ең маңызды критерий. Міндеттемелеріңіз бен уәделеріңізге берілмеңіз.

Мерген

Қарым-қатынастағы эмоциялардың артуы сізді қуантады және сіз бұрыннан келе жатқан проблемалық жағдайдың шешімін табасыз.

Тауешкі

Сүйікті адамыңыздың әрекетін бақылаңыз. Аса бір маңызы жоқ, ұсақ-түйек болып көрінген нәрселер нағыз проблемаға айналуы мүмкін.

Суқұйғыш

Сүйікті адамыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындап кетіп, шешімін таппай жүрсеңіз, бірнеше айға үзіліс алыңыз. Бұл оңаша қалып, барлығын қайта дұрыстап ойлануыңызға көмектесері сөзсіз.

Балықтар

Бүгін романтикалық қарым-қатынасты өздігінен бастау немесе жай ғана танысу үшін өте қолайлы. Тартымдылығыңыз бен сүйкімділігіңізге сенімді болыңыз және кездесуде ұмытылмас эмоцияларға бөленіңіз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: