Бейсенбі, 02 мамыр, 03:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

27 наурызға арналған жұлдыз жорамал

27.03.2024

470 0

Сурет:pixabay

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Отбасы жұлнызнамасы

Тоқты

Отбасындағы эмоционалдық жағдайға назар аударыңыз. Егер түсініспеушілік орын алса, оны кейінге қалдырмай, дәл қазір шешу жолдарын қарастырыңыз.

Торпақ

Ата-анаңызбен сөйлесіп, олармен уақыт өткізуге тырысыңыз. Әңгіме-дүкен құрып, кешкі ас ішіңіздер немесе көңіл сергітіп, ойын-сауық орталығына барыңыздар. Бәлкім, баршаңызға дәл осы нәрсе жетіспей жүрген болар.

Егіздер

Отбасыңызға көңіл бөліңіз: кешті балаларыңызбен өткізіңіз және ертеңгі күннің жоспарын талқылаңыз. Отбасы мүшелері көмекке мұқтаж болса, шамаңыз келгенше көмектесуге тырысыңыз.

Шаян

Мүмкіндігінше отбасыңызбен бірге мәдени іс-шараларға барыңыз, бұл бір-біріңізді жақынырақ білуге және сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Отбасы мүшелерінің қажет етіп жүрген нәрселері болса, оған да назар аударыңыз.

Арыстан

Отбасылық бюджетті сақтауға тырысыңыз. Егер бұл нәтиже бермесе, ренжімеңіз: бұл қалыпты жағдай, әсіресе мұндай қиындықтарға тап болғандар үшін.

Бикеш

Отбасыңызға қаншалықты қамқорлық жасайтыныңызды көрсетіңіз, барлығына құрмет танытыңыз. Жақындарыңызға шынайы жомарттық пен қамқорлық көрсетіп, ізгі ниетіңізді аямаңыз.

Таразы

Басқа жаққа қоныс аударуды қарастырып көріңіз. Туыстарыңыздан алыстап кетемін деп уайымдамай, жаңа мүмкіндіктердің барын ойлаңыз.

Сарышаян

Отбасыңызбен және жақындарыңызбен жақсы демалыңыз. Ұзақ уақыт бойы жоспарлағандай бірге уақыт өткізіңіз: отбасылық фильмге барыңыздар, серуендеңіздер немесе дәмді тамақтаныңыздар.

Мерген

Кәсіби міндеттеріңізге байланысты жұмыс істеу және отбасылық қарым-қатынасты сақтау қиынға соғуы мүмкін. Мүмкіндігінше адал болуға және жақын қарым-қатынастарды сақтауға тырысыңыз.

Тауешкі

Бұрын болған отбасылық мәселелерді іштей ой елегінен өткізіп, қазіргі кезде олар қайталанып жүрген жоқ па, соған көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір салдары туындаса, оны түзеуге тырысыңыз.

Суқұйғыш

Жақындарыңызбен ұрыспағаныңыз жөн, бұл тек жағымсыз эмоциялар мен жанжалға апарып соқтырады. Сондықтан ақылдылық танытып, келісімге келуге тырысқан дұрыс.

Балықтар

Отбасыңызға уақыт бөліңіз. Мүмкін сіз оларды ұзақ уақыт көрмей, сағынған шығарсыз. Сондықтан оларды қуантуға тырысыңыз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: