Сәрсенбі, 24 сәуiр, 10:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

8 қараша: Ай тұтылғанда қандай тыйым салынады?

08.11.2022

907 0

2022 жылдың 8 қарашасында, яғни бүгін Ай қызыл түске боялады. Мұндай құбылыс Жер шары Ай мен Күннің арасынан өткен кезде, Жер Шарының көлеңкесі Айға түскен сәтте орын алады. Ғылымда мұндай айрықша құбылысты Айдың тұтылуы деп атайды. Астрономдардың болжауынша, келесі Ай тұтылуы 2025 жылға қарай болуы керек. Мамандар бұл күні адамдарға сақ болуға, әрі кейбір шешімдерді қабылдамауға кеңес береді. KAZ.NUR.KZ солардың бірқатарына тоқталуды жөн көрді.

Vesti.ua басылымы ұсынған деректерге сәйкес, Ай тұтылған күні адамдар өте сезімтал келеді екен. Алайда Айдың тұтылуы Күннің тұтылуына қарағанда адамдарға қатты әсер етпейтін көрінеді. Бұл кезеңде адамдардың бойын қорқыныш, үрей, фобия мен күйзеліс, ашушаңдық, ұрысқақтық байқалуы мүмкін. Кейде тіпті адамдар дұрыс емес шешім қабылдап, оның соңы ұрыс-жанжал мен дау-дамайларға әкелуі мүмкін. Сол себепті бұл күні келесі кеңестерге құлақ түрген жөн:

Ай тұтылған күні не істеуге болмайды Ұрысуға; Саяхатты бастауға немесе алыс жолдарға шығуға; Әуеден байқалатын қорқыныш сигналдарына көз жұма қарауға кеңес берілмейді. Ай тұтылған күні нені қолға алған жөн Өз қауіпсіздігіңізге мән беру; Негативті эмоцияларға берілмеуге тырысу; Рухани практикаларды қолға алу; Медитация жасап, болашақ жайлы ойлану; Денсаулықты күтіп, демалуға уақытты көп бөлу керек. Астрологтар сонымен бірге Ай тұтылатын күні қара күш энергиясы күшейетінін айтады. Сол себепті осы күнгі маңызды жоспараларыңызды кейінге қалдырып, бұл күні өзіңіз бен жақындарыңызды барынша сақ болуға шақырған жөн.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: