Сәрсенбі, 08 мамыр, 22:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

9 наурызға арналған жұлдыз жорамал

09.03.2024

527 0

Сурет:nur.kz

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

ТОҚТЫ

Айналадағылардың бәрі қарсы тұрғандай көрінеді, шын мәнінде олай емес. Сұлулық қарап тұрған адамның көзінде дейді. Елдің шабуылына жауап беруге іштей дайын жүрсеңіз, олар расымен де сізге тиісе бастайды. Барлығына жеңіл қарауды, адамдарға сенім артуды үйреніңіз.

ТОРПАҚ

Болашақта жақсы табыс алып келетін жеке ісін ашуыңыз мүмкін. Алайда, уайымға батуыңыз да ғажап емес. «Қолымнан келмейді» деп ойлауыңыз мүмкін. Бұл бар болғаны ешқандай негізі жоқ ішкі қорқыныштар ғана.

ЕГІЗДЕР

Айналаға жіті қараңыз. Онда сізге көмек қолын ұсынуға әзір адамдар бар. Алайда, сіз оларға емес, екіжүзді адамдарға энергияңызды көп жұмсап жүрсіз.

ШАЯН

Демалыс күндерінде абыройыңыздың шарықтауына дайын болыңыз. Бар потенциалыңызды жүзеге асыратын уақыт келді. Шабыт пен шығармашылық бойыңызды билеп, бұл көңіл-күй өз ісіңізді табуға немесе мансап баспалдағымен көтерілуге көмектеседі. Күнделікті жұмысыңыз өзіңізге ләззат сыйлайтынын естен шығармаңыз.

АРЫСТАН

Шаш үлгісін өзгертуге, диетаға отыруға ең қолайлы апта. Жұмыс күндері сәттілік сізден теріс айналуы мүмкін. Оған бола уайымдамаңыз, сәттілік қайта серігіңіз болып, ақшаға кенелетін боласыз.

БИКЕШ

Ойдағының бәрін жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Алайда, ол үшін қажырлы еңбек қажет. Бұл белгі иелері бұған тек қуанады, себебі тағдырдың сыйларын қашан да қырағы көзбен қабылдайды.

ТАРАЗЫ

Жағымды жаңалық, барлық таразыларға екінші жартылары романтикалық тосын сый жасайды. Ал жалғызбасты адамдар осы күндері өмірлік серігін кездестіруі әбден мүмкін.

САРЫШАЯН

Жұмыс бойынша өте тиімді ұсыныс түседі. Оған таңқалудың немесе қандай да астар іздеудің қажеті жоқ. Тағдыр сізге жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді, алайда жоспарларыңызды наурыз айының соңына дейін жүзеге асыруға кеңес беріледі.

МЕРГЕН

Маңызды істерді шешуге қолайлы күн болмақ. Сондай-ақ, потенциалыңызды ашуға кедергі келтіріп жүрген ішкі қорқыныштарыңыздан арыла аласыз. Таңдау жасайтын сәт келгенде ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз.

ТАУЕШКІ

Тағдыр тағы да сіздің төзімділігіңізді сынайды. Жоғарғы күштер сіздің биік шыңға шығатыныңызға, алайда оған бойыңыздағы жалқаулықтың кері әсері тиіп тұрғанына сенімді.

СУҚҰЙҒЫШ

Соңғы уақытта Суқұйғыштар ештеңеге қуанбайды. Олар өміріндегі жақсы дүниелерді байқаудан қалып барады. Мұңаюды қойып, жаңа өмірдің есігін ашуға болатын сәтті жіберіп алмаңыз. Дәл осы наурыз айында болатын кездейсоқтықтар кездейсоқтықтан емес. Тағдыр қолыңыздан жетелеп, жеңіске алып келеді.

БАЛЫҚТАР

 Наурыз ғашықтық сезімін бастан өткеріп жүрген Балықтар үшін оңайға соқпайды. Олардың бар ойы сүйіктісінің ыңғайы болмақ. Бірінші кезекте өзіңізді ойлауға кеңес беріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: