Сейсенбі, 30 сәуiр, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Дубайға ұшатын Air Astana рейстері тоқтатылды

18.04.2024

433 0

Сурет:kaz.nur.kz

Air Astana өкілдері Дубайдағы су тасқынына байланысты тағы да бірнеше рейс тоқтатылып, кейінге қалдырылғанын хабарлады. Бұл туралы әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Air Astana Алматы-Дубай-Алматы бағыты бойынша 17 сәуірге жоспарланған КС897/КС898 рейстері Дубай әуежайының жабылуына байланысты тоқтатылатынын хабарлады. «Жолаушылар билеттерді басқа күндерге қайта брондай алады немесе сатып алу орны бойынша құнын қайтара алады», – делінген ресми хабарламада. Астана-Дубай бағыты бойынша КС205 рейсі бару пункттегі әуежайдың жабылуына байланысты Фуджейра қаласының әуежайына қонды. Дубайға ұшу уақыты 18 сәуір жергілікті уақыт бойынша 08:20 жоспарланған. «Дубай-Астана бағыты бойынша КС206 рейсі жергілікті уақыт бойынша 18 сәуір 10:00-ге ауыстырылды», – деді әуекомпанияның өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: