Сенбі, 20 сәуiр, 04:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Алақаныңыздағы «М» әрпі нені білдіреді?

31.12.2022

516 0

Адамның алақанында оның өзіне тән картасы сызылған. Алақандағы сызықтарды оқу ғылымын хиромантия деп атайды. Алақаныңызда «М» әрпі бар ма? Хироманттардың ойынша, ол нені білдіреді?

Алақандағы «М» әрпі бірнеше сызықтан тұрады. Біріншісі — өмір сызығы. Ол бойынша, өмір ұзақтығын білуге болады. Ол қаншалықты ұзын болса, өміріңіз соншалықты ұзақ болмақ. Екіншісі — ақыл сызығы. Ол сіздің алғырлығыңыз бен бытылдығыңызды көрсетеді. Үшіншісі — тағдыр сызығы. Ал төртіншісі — махаббат сызығы.

Егер алақаныңызда бұл сызықтардың бәрі қиылысқан болса, сіз бірегей адамсыз.  «М» әрпі — үлкен сәттіліктің белгісі. Сіздің (әсіресе, әйелдер) интуицияңыз жақсы дамыған, сізді алдау мүмкін емес. Ойыңызда идея көп, бірдеңені бастасаңыз, жолыңыз болады және адамдар сізге тартылады.

Сондай-ақ оң қолдағы «М» әрпі — материалдық молшылық, ал сол қолдағы «М» жан-дүние байлығын, ерекше тағдырды, жетістікке жетуге көптеген мүмкіндікті білдіреді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: