Дүйсенбі, 13 мамыр, 09:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Астанада алғаш рет Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі өтті

28.04.2024

302 0

Сурет: el.kz

Астанада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Астана қаласының Мемлекеттік архиві, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы, Еуразия ұлттық университеті және  «Amanat» партиясының өкілдері, ғалымдар мен сала мамандары қатысты.

Көрмеге келушілер XVIII-XX ғасырларда жарық көрген араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған 30-дан астам сирек кездесетін кітаптар және 50-ге жуық қолжазбамен танысты. Сонымен қатар  Марал ишанның ұлы Қалмұхаммедтің, Сейітпенбет әулие, Бұқарбай батыр және Сердәлі бидің мөрлері мен Сыр өңіріндегі өнер иелері қолданған сегіз музыкалық аспаптары көрмеге қойылды. 

Көрме барысында қонақтар қазақ халқының рухани қазынасы болып саналатын өзге де көне, құнды жазба мұралар мен тарихи жәдігерлер туралы мәлімет алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: