Жұма, 26 сәуiр, 15:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Бала тек тәтті жегісі келе берсе…

29.01.2023

415 0

Тәтті сыйлықтары мол жаңа жылдық мерекеден кейін бұрынғы режимге оралу қиын. Балалар түгіл ересектерге өзін бақылау және тамаққа шектеу қою оңай емес. Бала тамақтан бас тартып, тәтті сұрай берсе, не істеуге болады?

Қызықтырмау

Бұл проблемадан арылудың ең оңай тәсілі – үйде тәтті ұстамау. Біраз уақыт үйге мүлдем тәтті сатып алып келмеңіз. Бала сөрелерді, тоңазытқышты ашып қараса да, ешқандай тәтті таппайды. Біраз уақыт оны дүкенге өзіңізбен бірге алып бармаңыз. Тәтті тәуелділік тудырады. Бірақ егер ол рационда бірнеше күн болмаса, баланың оны жегісі келуі басылады.

Тәттіден бірден бас тартпау

Егер балаға да, өзіңізге де психологиялық ауыр болады десеңіз, тәттіге бірден тыйым салмаңыз. Алдымен оған шеутеу қойыңыз. Мысалы, күніне тек бір кәмпит немесе күні бойына 2-3 кәмпит.

Тұрақтылық таныту

Егер тәттіні рационнан алып тастаймын деп шешсеңіз, шыдамдылық білдіріп, берілмеңіз. Баланың жылауы сізді жолдан тайдырмау керек. Ол ата-анада жауапты реакция болатынын білгендіктен, солай эмоционалды әсер береді. Егер өз айтқаныңызда тұрып, тәттінің орнына тамақ берсеңіз, біркүні бала жеңіледі. Баланың көзінше пайдалы тамақты тәбетпен жеңіз.

«Сен» емес, тек «Біз» деу

Қантсыз «диетаға» баланың өзін ғана отырғызу мүмкін емес нәрсе. Ата-ана өз әрекетімен балаға үлгі беруі керек. Егер өзгерісті қаласаңыз, баламен бірге бастаңыз. Әйтпесе, сізге тәтті болады, ал балаға болмайды дегенді қалай түсіндіресіз.

Пайдалы балама ұсыну

Қант көптеген өнімге қосылады. Бірақ зиянды тәттілерді жемістермен, кепкен жемістермен немесе үй пісірмесімен ауыстыруға болады. Десертті үйден өзіңіз дайындасаңыз, оның құрамына қосатын өнімдерді қадағалай аласыз. Сондай-ақ балаға шай берсеңіз, қантты аз салуға тырысыңыз. Балада бәрін тәттілендіргісі келетін әдет қалыптаспауы керек.

Тәтті сусындардан бас тарту

Дүкеннен шырындар мен газдалған сусындар сатып алмаңыз. Олардың құрамында қант өте көп.

Бірге пайдалы тамақ пісіру

Ғаламтордан жемістер мен жидектер қосылатын пайдалы тағамның қызықты рецептілерін тауып алыңыз. Бұл іске баланы араластырыңыз. Бала жайлап пайдалы тәттілер неден тұратынын үйренеді.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: