Жұма, 26 сәуiр, 12:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Баланың құлағын тесерде нені ескеру керек?

01.01.2023

3669 0

Адамға көрік сыйлайтын түрлі бұйымдар мен әшекейлер ешқашан сәннен қалған емес. Солардың бірі — сырға. Бүгін сән салондары мен медициналық орталықтардағы танымал процедуралардың бірі құлақ тесу үшін нені ескеру керек, бірге анықтайтын боламыз. Massaget.kz тілшісі кеңес алу үшін Nickol салонының маманы Гузяллим Рузиевамен тілдесті.

Баланың құлағын неше жаста тескен дұрыс?
Ғаламтор оқырманға әртүрлі дерек ұсынылады. Кей жерде мамандар баланың құлағын 1,5 жасқа дейін тескен жөн дейді. Өйткені, балада қорқыныш сезімі болмайды, ал ауырсыну болса есейгенде жадында қалмайды. Тесіктің тез бітуі де жаспен байланысты. Бірақ кішкентай бала өз ісіне жауап бере алмайтындықтан сырғалықты жи ұстап, инфекция түсу қаупі бар.

Ал кей мамандар құлақты бала өзі сұраған кезде тескенді құп көреді. Бала не үшін істеп жатқанын түсінетіндіктен сырғалықтың күтімі де оңай болады. Маман Гузяллим Рузиеваның айтуынша, құлақ толыққанды 3-6 жаста өсіп-жетіледі. Одан ерте құлағын тестірген балаларды ата-аналары біраз жылдан кейін қайта сән салонына алып келеді.

Құлақты 6 ай, 1 жаста тесіп жатқандар бар. Бірақ құлақ әлі де өседі. Нәтижесінде сырға тағатын тесік жоғары жылжиды. Оған барлық сырға бара бермейді. 3-6 жаста ғана адамның құлағы толығымен бітеді. Ең қолайлы уақыт 4.5-5 жас аралығы. 

Құлақты ерте тесу денсаулыққа әсер ете ме?
Ерте құлақ тесу бала үшін зиян. Бұл да халық арасында кеңінен тараған аңыздардың бірі. Құлақты қай жаста тессең де, оның денсаулыққа айтарлықтай әсері жоқ. Мамандар ескеретін бір ғана нәрсе бар. Ол — көз нүктесі.

Құлақ тесумен айналысатын адамдардың дәрігер емес екенін ескерген жөн. Кімнің көзі нашар көреді, сол инемен емдейтін мамандардан арнайы қағаз алып келу керек. Біз іздеп отырмау үшін арнайы мамандар «көз нүктесін» деп белгілеп береді. Сол жерді тесеміз. Бұл көздің көруіне оң әсерін тигізеді. 

Құлақ тесу үшін қай жерге бару керек?

Қазір құлақты кез келген сән салонынан тестіртуге болады. Бірақ ең дұрысы – медициналық процедураларды атқаруға арнайы лицензиясы бар мекемелер. Егер балалар клиникасы бұндай қызмет түрін ұсынса, онда сол жерге баруды ұсынамыз.

Құлақ тесетін адам міндетті түрде медициналық қызметкер болу керек. Қазір көп салон оны ескере бермейді. Ең бастысы — құрылғылар мен орынның тазалағына мән беру. Оларды уақытында залалсыздандырып отыруды ұмытпаған дұрыс.

Жылдың қай мезгілі құлақ тесу үшін ыңғайлы?
Гузяллим Рузиева құлақты көктем және күзде тесуді ұсынады. Өйткені, ауа-райы қолайлы. Жазда күн ыстық, суға шомылады әрі шаң болады. Ал қыс суық.

Құлақ тескеннен кейін оны қалай күту керек? 

Құлақ тескеннен кейін сырғалықтың жылдам бітуі үшін оған арнайы күтім керек. Ол үшін алғашқы 2-3 күн суға түспеген жөн. Киініп-шешінгенде сақ болып, қолмен жиі ұстамау үшін баланы қадағалаған дұрыс. 2-3 апта бойына тесілген жер мен сырғаның өзін антисептиктер арқылы сүртіп отырады. 

Біздің салон жылдам жазылу үшін ең бірінші спиртсіз лосьон жағуды ұсынады. Кейін құрамында алоэ бар гель жағады. Оны сатып алар кезде балада аллергия бар ма, жоқ па, көз жеткізгеніңіз абзал.

Егер баланың құлағын жақсы маман тесіп, оның күтімі дұрыс болса еш қиындықсыз жазылып кетеді. Кейін алғашқы сырғаны ауыстырып, өзі қалаған әшекейді таға алады.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: