Жексенбі, 28 сәуiр, 21:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Бақытжан Сайлыбаев жайлы «Ғибратты ғұмыр» сериясы аясында кітап жарық көрді

22.06.2023

980 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сайлыбаев Бақытжан Әбдіқалықұлының өмірі мен еңбек жолына арналған «Ғибратты ғұмыр» сериясы аясында жарық көрген кітаптың тұсаукесері өтті.

Шараға Қызылорда Ашық университетінің ректоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Қылышбай Бисенов, Қоғамдық кеңестің төрағасы, қоғам қайраткері Әріп Хожбанов, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің директоры, физика ғылымдарының докторы, профессор Бақытхан Әбдікәрімов, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры Жақсыгүл Тоғанова, педагогика ғылымдарының кандидаты және профессор-оқытушылар қатысты.

Бақытжан Әбдіқалықұлының ғибратқа толы өмірі мен атқарған қызметі жайлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Бейбіткүл Кәрімова толығырақ  атап өтті.

«Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Университетте 2016 жылдан бастап осында қызмет атқарған ғалым-профессорлардың өмірі мен ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған «Ғибратты ғұмыр» сериясымен ғылыми-танымдық кітаптар шығарылып келеді. Осы кітаптың 6-шы шығарылымы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Әбдіхалықұлы Сайлыбаевқа арналып отыр. Айналасына ізгілік нұрын шашып, білімнің нәрі мен тәрбиенің тәлімін сіңірген қайраткерлердің өмірі мен еңбек жолы ғибратқа толы болуы заңды құбылыс. Бақытжан Әбдіхалықұлының зор еңбегі, ғибратты ғұмыры осы кітапта ел ағалары, замандастары, әріптестері, шәкірттері, ағайындары мен достары тарапынан кеңінен баяндалған», – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

          Кітаптың лентасын Қызылорда Ашық университетінің ректоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Қылышбай Бисенов, Қоғамдық кеңестің төрағасы, қоғам қайраткері Әріп Хожбанов және И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің директоры, физика ғылымдарының докторы, профессор Бақытхан Әбдікәрімов және ғалымның ағасы Ешімов Ғабит қиды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: