Сейсенбі, 19 наурыз, 08:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22(2032)
16.03.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 30 наурыз күні сізді не күтіп тұр?

30.03.2023

868 0

Сурет: pexels.com

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Рационыңызға ботқалардың түр-түрін көбірек енгізуге тырысыңыз, бұл сіздің ағзаңызға пайдалы. Біз зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне күтім мен сәндік косметиканы қайта қарауға кеңес береміз: сіз өзіңізге сәйкес келмеу себебінен пайдаланбайтын көптеген өнімді жинаған болуыңыз мүкін.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Суық маусымға сәнді бас киім таңдаңыз: бас киімдерге көңіл бөлмеу дұрыс емес, олар шашыңызды сау ұстауға мүмкіндік береді, бұл сәндеуден әлдеқайда маңызды. Егер сіз көптен бері кітап оқуды бастағыңыз келіп жүрсе, бүгін уақытыңызды кітап оқуға арнауға жақсы күн. Сатып алған кітабыңыз өзіңізге ұнайды, сіз оны оқып бітіресіз, ал оқу әдетке айналады.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Әрекет ететін уақыт жақындады, күш жинаңыз. Блогерлердің кеңесін аз тыңдаңыз және өз пікіріңізге сенуді үйреніңіз: блогерлер әдетте нағыз сарапшы емес, олар өз аудиториясынан ақша табу үшін жарнама ұсынған болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер көңіл-күйіңіз жоқ болса, тағдырға ризашылық білдіретін нәрселерге назар салыңыз. Кем дегенде 10 нәрсені есіңізге алыңыз, сонда өзіңізді жақсы сезінесіз. Баланың бойына жақсы әдеттерді сіңіру үшін өзіңіздің бойыңызды түзеп, кем-кетіктеріңізді жою үшін жұмыс істеңіз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бұл күн диетаны бастауға, ораза ұстауға, тазарту процедураларын жасауға қолайлы. Бұл процедуралар физикалық денсаулық пен психологиялық әл-ауқатты жақсартады. Егер өз денсаулығыңызға алаңдасаңыз – дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, бүгін – маманның қабылдауына жазылуға қолайлы күн.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Түріңізге сәйкес косметиканы таңдауға тырысыңыз, бұл сіздің сыртқы келбетіңіздің барлық артықшылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Махаббатқа немқұрайлы қараудан қашыңыз, байыпты болуға тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызға жағымды тосын сый жасаңыз, бүгін отбасыңызға барынша көп уақыт пен көңіл бөліңіз. Жақындарыңыздың қауіпсіздігіне назар аударыңыз, олардың телефондарына «қауіп батырмасын» орнатыңыз. Бұл сіздің де олар үшін алаңдамауыңыз үшін қажет.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз қарым-қатынаста болсаңыз, жақын адамыңыздан тосын сый күтіңіз. Немесе өзіңіз тосынсый жасаңыз. Өзіңізге берілген мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Әрекет етіңіз. Елмен араласып, жаңа таныстар табыңыз, бастаған жұмысыңыз бен тапсырмаларыңызды аяқтаңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін сізде ипохондрия ұстамасы болуы мүмкін, бірақ уайымдамаңыз, денсаулығыңыз сіз ойлағандай нашар емес. Жүйкеңіз бен денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз, көбірек демалыңыз. Кешке музыка тыңдап, табиғат аясында демалыңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынасты енді бастап жатқан белгілерге тез арада жақын адамымен өз құндылықтарын нақтылап алған абзал. Уақытыңызды ол адамға бекер кетіріп жүрген болуыңыз мүмкін. Жоспарларыңызды тізетін күнделік жүргізіп отыруға тырысыңыз. Бұл сіздің ұйымдастурышылық қабілетіңіз бен жауапкершілік қасиетіңізді арттыра түседі.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Үтіксіз үтіктеу тәсілдерін (спрейдің көмегімен) байқап көріңіз. Бұл сіздің жұмысыңызды әжептәуір жеңілдетеді. Сүйген адамыңыз болса, оны мақтап қоюды ұмытпаңыз: бәрі де өзінің сүйікті әрі бағалы екенін сезінгісі келеді.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Қиялға бой алдырмаңыз, реалист болыңыз. Тәжірибеңіз күнделікті және жеке мәселелерді шешуге көмектеседі. Тапқырлығыңызды, ептілігіңіз бен харизмаңызды көрсетуге тырысып, серіктесіңізді кемсітіп алмаңыз. Онымен бірге сүйікті хоббиіңізбен, спортыңызбен немесе жұмысыңызбен айналысып көріңіз, бұл жақындастырады.

Дереккөз: Нұр.кз

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: