Сенбі, 20 сәуiр, 15:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Чипс пен газдалған сусын миға зиян – невропатолог

28.01.2024

311 0

Сурет: massaget.kz

Невропатолог Елена Сурская чипстерде, қантты газдалған сусындарда, энергетикалық сусындар мен ұннан пісірілген тағамдарда кездесетін зиянды көмірсулар ми денсаулығына зиян екенін ескертті. Ол aif.ru-ға берген сұхбатында ми жұмысын жақсарту үшін глюкозаны қандай өнімдерден алу жақсы екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz

Дәрігер адам миы глюкозаны сақтамай, үздіксіз пайдаланады. Әдетте адам жеген тағамнан қажетті көмірсуларды алады деп түсіндірді. Глюкозаның көзі көмірсуларда. Бірақта олардың барлығы бірдей миға пайдалы емес. Ал глюкозаның артық болуы миға зиянын тигізуі ықтимал. Адам есте сақтау қабілетінің және зейінін шоғырландыру және оқу қабілетінің төмендеуіне байланысты ашуланшақ бола түседі.

«Қандағы глюкозаның шамадан тыс концентрациясына тәтті дәм беретін «жаман» көмірсулар ықпал етеді. Әсіресе газдалған тәтті сусындар, энергетикалық сусындар, нан өнімдері, чипсы жаман көмірсуларға бай. Олар миға глюкозаны тез жеткізеді. Салдарынан  шаршау сезімі, тәбеттің жоғарылауы пайда болады», – дейді дәрігер Елена Сурская. 

Дәрігер құрамында «жаман» көмірсулары бар тағамдарды дәнді дақылдар, көкөністер мен жаңғақтармен ауыстыруды ұсынды. Олардың басты артықшылығы қандағы глюкозаны тез шығармайды. Сондықтан ми үнемі қажетінше қоректенеді. 

Сонымен қатар невропатолог мидың денсаулығы үшін майсыз пісірілген ет, балық, сүт өнімдерін жеуге және жеткілікті ұйықтауға кеңес берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: