Сейсенбі, 23 сәуiр, 16:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Етті маринадтаудың 3 әдісі

06.01.2023

510 0

Етті маринадтау арқылы оны жұмсақ, шырынды әрі дәмді етуге болады. Етті жұмсартатын 3 әдісті ұсынамыз.

1-әдіс. Қыша тамаққа ерекше дәм сыйлап қана қоймай, етті жұмсарта алады. Ол үшін етті алдымен бөліктерге турап, оларға екі жағынан да қыша жағып шығу керек. Содан соң оларды полиэтилен пакетпен орап, 45 минутқа қалдыру қажет. Етті пісірерде оны салқын суға бір шайып алу ұсынылады.

2-әдіс. Көптеген маринадтарға көбіне пияз қосады. Себебі ол етті жұмсартады және шырынды етеді. Ең оңай әдіс – сақина болып туралған пиязы бар кәстрөлге етті салып, араластырып, 1,5-2 сағатқа қалдыру. Етті пісірерде оны сумен шаймай-ақ қоюға болады.

3-әдіс. Лимон да пияз сияқты әсер береді. Бірақ лимон суын сірке суымен араластырмаңыз. Жалпы сірке суы етті қатайтып жібереді. Сондықтан оны маринадтарға қолданбаған жөн. 100 мл лимон суын 1 л газдалған суға араластырып, оған етті салып, 1,5-2 сағатқа қалдыру керек.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: