Жексенбі, 19 мамыр, 13:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Күнді қалай бастау керек? Маман аш қарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады

26.12.2022

664 0

Диетологтар таңда жеуге болмайтын тағамдар барын айтады. Бұл тек асқазаны сезімтал адамдар не салауатты өмір салтын ұстанушылар үшін ғана емес, барлығына маңызды. Сонымен, аш қарынға жеуге болмайтын өнімдерді жадыңызда сақтап алыңыз. 

Диетолог маман Азиза Самат: «Ең алдымен таң жақсы эмоциялардан басталуы керек. Жақсы ұйқы – қайырлы таңның кілті. Күлімсіреу иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін бақыт гормондарын, яғни, эндорфин, серотонин және дофамин өндірісін ынталандыратыны ғылыми дәлелденген. Ең бастысы – күніне кемінде жеті, ал көп дегенде тоғыз сағат ұйықтау керек.

Таңғы ас тәбетті реттеуге көмектесетін асқазан-ішек гормондарының синтезіне ықпал етеді. Таңертең ас қорыту мүмкіндігінше тиімді жұмыс істейді, өйткені дене ұйқы кезінде тынығып алады. Таңғы астан кейін тою сезімі ұзақ уақыт сақталады, сол себепті артық тамақтану қаупі айтарлықтай төмендейді.

Идеал таңғы ас мыналарды қамтиды: 

күрделі көмірсулар (әртүрлі дәнді дақылдар, тұтас дәнді дақыл ұнынан пісірілген нан, бұршақ дақылдары);
талшықтар (көкөністер, жемістер немесе жидектер түрінде);
ақуыз (сүзбе, қоспасыз йогурт, ірімшіктер, құс еті, майсыз ет, балық, жұмыртқа);
майлар (тазартылмаған өсімдік майлары, тұқымдар, жаңғақтар, авокадо)
Таңды бір стақан сумен бастаңыз. Сұйықтық ас қорыту процестерін қалыпқа келтіруге көмектеседі» – дейді.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: