Сәрсенбі, 17 сәуiр, 00:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Күніңіз сәтті өтуі үшін әдетке айналдыру қажет 8 ереже

28.01.2023

374 0

Қандай көңіл күймен оянсаң, күнің солай өтеді деген түсінік бар. Күнің сәтті болуы үшін не істеу керек? Бұл туралы ресейлік терапевт Инна Меликова «Доктор Питер» басылымына айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мінсіз сценарий деген не?

Таңертең ерте, жақсы көңіл күймен оянсаңыз – бұл мінсіз сценарий болып саналуы мүмкін. Асықпай, барлық гигиеналық үрдісті жасап, дәмді әрі тойымды тамақтанып, асықпай жұмысыңызды істеуге кірісесіз. Сол үшін:

Ерте оянуды әдетке айналдырыңыз. 

Егер ерте тұрсаңыз біраз шаруаңызды бітіре аласыз. Таңертеңгі уақытта адам энергияны жақсы жинайды. Физиология тұрғысынан таңғы 6-7-де оянған дұрыс.  

Аш қарынға жылы су ішіңіз.

Көптеген сарапшының сөзінше, аш қарынға жылы су ішсеңіз, ас қорытуыңыз реттеледі. Суға бір тілім қияр не лимон қосып ішсеңіз болады. Су іш қату мәселесін шешуге, метаболизмді реттеуге, сыртқы келбет пен әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі.

Жаттығу жасаңыз. 

Таңертеңгі жаттығу – ұйқыны ашудың оңтайлы жолы. Қан айналымын реттеп, ұйқыны ашып, көңіл күйді көтеруге 3-4 қарапайым жаттығу жасауға болады. Жаттығу залында таңертең жаттығу кешке жаттыққанға қарағанда пайдалырақ. 

Бөлменің ауасын тазартыңыз. 

Бөлмеде қолайлы микроклимат орнату да маңызды. Түнде терезе жабық болса, бөлмеде көмірқышқыл газы көбейіп, шаршау, бас ауруы секілді жағымсыз әсерлер болуы мүмкін. Таңертең терезені кем дегенде 10 минутқа ашып қойған дұрыс. 

Душқа түсіңіз. 

Ұйқыны тез ашудың тағы бір жолы – душқа түсу. Жаттығу жасағаннан кейін бірден душқа түсудің пайдасы зор. Өзіңізді жеңіл сезініп, күш жинайсыз.  

Дұрыс таңғы ас ішіңіз. 

Көптеген адам таңғы ас ішпейді. Көбіне шай немесе кофе ғана ішеді. Алайда бұл дұрыс емес. Таңғы асты дұрыс ішпесеңіз күні бойы белсенді болу үшін қажет калорий бөлінбеуі мүмкін. 

Жоспар құрыңыз. 

Маңызды және кейін шешуге болатын мәселелерді жазып, жоспар құрыңыз. Әр жоспар орындалған сайын оны белгілеп отырыңыз. 

Үйден ертерек шығып, жаяу жүріңіз. 

Күн сайын кемінде 15 минут физикалық жаттығу жасау қажет. Сондықтан ол үшін таңертең арнайы уақыт бөлгеніңіз дұрыс. Жаяу жүріп, лифттің орнына баспалдақпен жаяу түсіңіз. Бұл жүрек, дем алу жүйесіне және бұлшық еттерге пайдалы. 

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: