Дүйсенбі, 20 мамыр, 09:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Мәжіліс төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2024

246 0

Сурет:el.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Жеңістің 79 жылдығына орай Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Ақжайық» саябағында орналасқан монументке гүл шоқтарын қою рәсіміне Парламенттегі фракция жетекшілері мен қала тұрғындары қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым етті.

Аға сержант және пулеметшілер тобының командирі Мәншүк Мәметованың елордадағы ескерткіші 2018 жылы ашылды. Қазақтың даңқты пулеметшісі 19 жасында өз еркімен майданға аттанған. Ол 21-атқыштар дивизиясы мен 100-атқыштар бригадасының құрамында шайқасты. 1943 жылы қазанда Невель түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тауып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: