Сейсенбі, 07 мамыр, 00:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Маман қыста ағзаны қажетті дәрумен қорымен толықтыратын өнімді атады

28.12.2022

374 0

Роспотребнадзордың Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының Молекулярлық диагностиканың CMD орталығының жетекші сарапшысы Марина Вершинина қыста ағзаға жетіспейтін дәрумендер қорын оңай толтыру тәсілін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Доктор Петр» порталына сілтеме жасап. 

Қыста адамдарда ағзаға қажетті дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Бұл  бірқатар өнімдердің маусымға байланысты қолжетімсіз болғандықтан дәруменді азық-түліктен алудың қиындық тудыратынына байланысты.

Маман А дәруменін, күнделікті Е дәруменінің жартысын және D дәруменінің бестен бірін тек бір өнімнен күнделікті оңай алуға болатынын атады.

Сарапшының пікірінше, суық мезгілде треска балығының бауырын тұтыну керемет нәтиже береді. Бұл бауыр өте пайдалы балық майына бай. Оның негізінде ересектер мен балаларға арналған көптеген диеталық қоспалар жасалады. Марина Вершинина сонымен қатар треска бауырының ең алдымен, майда еритін A, D, E витаминдеріне және Омега-3 мен Омега-6 полиқанықпаған май қышқылдарына бай екенін қоса кетті.

«Әсіресе қыс мезгілінде, майда еритін дәрумендердің тапшылығы көп кездеседі. Салдарынан ағзаның инфекцияларға бейімділігі артып, жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі болады, қабыну процестері күшейеді. Сонымен қатар А, D және Е дәрумендерінің тапшылығы терінің ерте қартаюына да әсер етеді. Сондықтан біз қыста алуға болатын дәрумендердің көзі ретінде треска балығын айта аламыз. Бұл өнімнің сіңімділігі тамаша және өзіндік дәмі бар», – деді Марина Вершинина. 

Маман әдетте бұл өнімді көпшілік консервіленген түрде тұтынатынын айтады. Мұндай жағдайда «Теңізде жасалған» деп жазылған консервілерді сатып алған дұрыс. Себебі бұл жазумен шығарылған консервілер ауланған соң бірден қайықтарда дайындалады. Олар мұздатқышқа салып қатырып, кейін жасалған кейбір консервілерден пайдалырақ. 

Сарапшы осы тұста треска бауырының 66 пайыз майлы екенін ескертеді. Тиісінше, оның калория мөлшері жоғары,100 граммға 613 ккал. Майдың құрамына байланысты бұл балықты бауыр мен өт жолдарының аурулары бар адамдарға тұтынуға болмайды. Ал өзгелердің бәріне тұтынуға болады.

Дәрігерлердің пікірінше, треска бауыры күрделі көмірсуларға бай тағамдармен жақсы үйлеседі. Мысал ретінде жарма, нан, көкөніс, шөптерді айта аламыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: