Бейсенбі, 18 сәуiр, 16:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Пияз неге жылатады?

06.01.2023

507 0

Пияз себебінен пайда болған жастың эмоциямен еш байланысы болмаса да, жағымсыздық тудыратыны рас. Неліктен пияз аршығанда көзден жас шығады?

Пияз көзді 5 минут ғана ашытады

Өсімдіктер мен жануарлар үшін өмір сүру — тірі қалу және көбею. Бұл пиязға да қатысты. Құрттар мен көртышқандар оны құртып жібермес үшін ол қорғанып үйренген. Оның қорғаныш механизмі мынадай:

  • Пияз өсу кезінде жерден күкірт сіңіреді, нәтижесінде аминқышқылдар сульфоксидін түзеді;
  • Біреу пиязды тістесе немесе кессе, сульфоксидтер мен пияз ферменттері босап шығады, соның нәтижесінде сульфон қышқылы бөлінеді. Ол тұрақсыз және син-пропантиал-S-оксиді газына топтасады;
  • Син-пропантиал-S-оксиді ауаға түседі де, көзбен байланысады. Көз жасы бездері тітіркеніп, жас шығарады.

Бұрын ғалымдар пияз газы оған өзіне тән дәм беретін аллиин ферменттері себебінен түзіледі деп санайтын. Бірақ 2002 жылы жапон ғалымдары пияз фокусы жасаурағыш факторының синтезі деген ферментте екенін түсінді. Осы фермент сульфоксидтермен химиялық реакцияға түседі екен. Яғни, бұл жерде екі фермент те маңызды рөл атқарады.

Пиязды кесу кезінде түзілетін газдар көз саулығына қауіпті емес. Пиязды кескеннен кейін жас шамамен 30 секундтан кейін ағып бастайды және ол пияздағы син-пропантиал-S-оксиді толықтай ұшып кеткен кезде (5 минуттай уақыт) кебеді.

Ал дайындалған пияз мұндай әсер бермейді. Себебі қуыру немесе қайнату кезінде ферменттердің әсері жоғалады.

Пиязды 30 минуттай салқындатып алыңыз

Пияз турағанда көзіңіз қатты ашымас үшін оны алдымен 30 минуттай салқындатып алып көріңіз. Бұл пияз ферменттерінің белсенділігін азайтады. Содан соң басын кесіп тастап, қабығын аршып, түбіне тиіспеу керек. Себебі оның түбінде сізді жылататын күкірт қосылысының жоғары шоғыры бар.

Неліктен кей пияздар басқаларына қарағанда көзді азырақ ашытады?

Бұл пиязды өсіретін топырақ құрамындағы күкірт мөлшеріне байланысты болуы мүмкін. Немесе мұндай пиязда син-пропантиал-S-оксидін түзуге қажетті ферменттердің аз болғаны.

Ғалымдар адамды «жылатпайтын» пияз шығарды

2008 жылы Жаңа Зеландияда ғалымдар генетикалық түрлендірілген пияз жасап шықты. Олар жас шығаратын ферменттің өңделуіне жауап беретін генді «сөндіріп тастады». Оның дәмі бұрынғыша қалды. Бірақ ол нарыққа шықпады. Ал 2020 жылы жас шығартпайтын пиязды американдық селекционерлер шығарды. Оның құрамында көзді тітіркендіретін ұшатын қосылыстар жоқ. Сондай-ақ ол қарапайым пияздан тәттірек. Америкада оны Sunions деген маркамен сатып алуға болады және ол қарапайым пияздан қымбатырақ.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: