Дүйсенбі, 17 маусым, 11:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Қысқы демалыста оқушы балаңызбен қалай уақыт өткізуге болады? 10 идея

31.12.2023

579 0

Фото: massaget.kz

Қысқы демалыста мектепте де, үйірмелерде де сабақ болмайды, сондықтан баланың бос уақыты көп болады. Әдетте балалар алғашқы бір-екі күн ұйықтайды және өз бетінше ойнайды, содан соң қолдарынан гаджет түспейді. Ендеше, баланың демалыс күндері әлеуметтік желіде өтпес үшін оның уақытын қалай ұйымдастыруға болады?

Отбасымен уақыт өткізу

Ата-ана өздері үнемі ұялы телефон немесе ноутбукта отырса, балаға гаджет ұстауға тыйым сала алмайды. Егер балалардың демалысында сіздерде жұмыс болса, кешкі уақыттағы ұялы телефон қарайтын әдетіңізді қысқартып, көбірек уақыт балаларға арнаңыз. Мысалы, үстел ойындарын ойнаңыз, әңгімелесіңіз және т.б.

Достарымен серуендеу

Қазір балалар бір-бірімен көбіне Желіде ғана сөйлеседі. Балаңыздан қай сыныптасымен ойнағысы келетінін сұрап, мектептен тыс кездесу ұйымдастырып беріңіз.

Шығармашылықпен айналысу

Балаға шығармашылықпен айналысуға болатын арнайы заттар әкеліп беріңіз. Қазір дүкендерде дайын жинақтар көп. Уақытыңыз болса, баламен бірге жасаған жөн және бұл кезде эмоцияларыңызбен бөлісіп отыру және әңгімелесу маңызды.

Қандай да бір дәмді тағам пісіру

Баламен бірге печенье, бәліш немесе бауырсақ пісіруге болады. Сондай-ақ балаға жемістерді кесіп беріңіз де, оларды тәрелкеге безендіріп салуын сұраңыз. Бала асүйде анасына көмектесу арқылы уақытты көңілді өткізіп қана қоймай, жауапкершілікке үйренеді.

Саяхаттау

Мүмкіндік болса, баламен бірге сапар жоспарлаңыз. Бала саяхаттау арқылы жаңа әсер мен білім алады. Егер саяхаттауға әзір мүмкіндік болмаса, оны өз қалаңыздағы театрға, мұражайға апаруға тырысыңыз.

Отбасылық альбом жасау

Қазір барлық сурет телефонда сақтаулы тұрады: көпшілік оларды шығарып, альбомға салмайды. Қысқы демалыста баламен бірге отбасылық суреттерді таңдап, оларды шығарып алып келіп, альбомға салып, альбомды безендіруге болады. Бұл өткен кезді еске алуға, бірге күлуге және жалпы уақытты жағымды өткізуге бір себеп.

Қысты сезіндіру

Балағы қыс мерзімінің қызықтарын көрсетіп сезіндіріңіз. Мысалы: коньки тебу, шанамен сырғанау, аққала жасау.

Қуыршақ немесе көлеңке театрын ұйымдастыру

Қандай бір ертегі таңдап, сценарий жазып, рөлдерді отбасы мүшелеріне бөліп береміз. Мұндай сиқырлы көрініс барлық отбасы мүшелерін әуестендіріп, бұл кеш баланың есінде ұзаққа сақталады.

Концерт немесе би кешін ұйымдастыру

Балалармен бірге концерт немесе би кешін ұйымдастырыңыз. Қолдан сахна жасаңыз, бөлмені оған сай безендіріңіз. Әдемі киімдер киіп алыңыз және өнерлеріңізді көрсетіңіздер.

Баладан не істегісі келетінін сұрау

Баланың жауабы сізді таңғалдыруы мүмкін. Мысалы, үнемі әкесінің көлігімен жүретін бала автобус немесе метроға отырып көргісі келетінін айтуы мүмкін. Немесе ол қарды гуашпен бояп көруді сұрауы мүмкін.

Ақпарат: https://massaget.kz/layfstayl/97321/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: