Жексенбі, 28 сәуiр, 01:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Табысы менен көп болуы керек». Анара Батырхан болашақ күйеуіне қандай талаптар қоятынын айтты

13.02.2023

904 0

Актриса, әнші, тележүргізуші Анара Батырхан “Менің өмірім” бағдарламасында өзіне қандай жігіттер ұнайтынын және болашақ күйеуіне қояр талаптары жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі қазіргі уақытта ақыл тоқтатып, тұрмысқа шығуға дайын екенін жеткізді.

“Менде қарым-қатынас болды және ол 4 жылға дейін созылды. Бірақ ол жігіт маған маған қолдау көрсете алмады. Өнер жолына түбегейлі қарсы болды. Маған “мен сені қызғанамын, өнерден кетесің” деп талап қойды. Болашақ күйеуім сауатты, білімді, тәрбиелі, иманды, маған тірек бола алатын жігіт болуы керек. Оның түріне және бойына қараймын. Сүйіп қалсам да, ауылда тұратын жігітке тұрмысқа шықпаймын. Мен қалада туып-өскенмін, ауылда қалай тұрамын? Сондай-ақ, менің болашақ күйеуім менен көп ақша табуы керек. Олай болмаған жағдайда, мен өзімді “нағыз еркектің жанындамын” деп санай алмаймын. Себебі, мұның соңы жанжалға әкеп соғады”, – дейді Анара.

Бағдарлама жүргізушісінің “Айлық табысыңыз қанша?” деген сауалына актриса “4-5 миллион” деп жауап берді.

Ол жомарт жігіттерді жоғары бағалайтынын айтып қалды.

“Мен қолы ашық, жомарт жігіттерді жақсы көремін. Менен ештеңе аямау керек. Сараң жігіттерді кездестіргенмін”, – дейді актриса.

Ол болашақ күйеуіне жоғары талап қойдым деп ойламайды.

“Иманды, салмақты, жұмысы, ісі бар,айтар сөзі бар, білімді… Бұл адам бойында болу керек қасиеттер. Мен көліктің түр-түрін, гауһар тас пен қымбар әшекейлер сұрап жатқан жоқпын”, – дейді ол ақталып.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: