Сәрсенбі, 29 мамыр, 01:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Үй аларда нені ескеру керек? 10 лайфхак

18.02.2023

453 0

Егер пәтер алуды жоспарлап жүрсеңіз және хабарландыру немесе риэлтор арқылы бірнешеуін тауып қойған болсаңыз, оларды барып қарағанда не нәрсеге мән беру керек? 

Маңызды сұрақтардың бірі – аудан таңдау. Қаланың әр бөлігіндегі пәтерлер бағасын ғана емес, сіздің өмір сүру салтыңызды және нақты жердің ерекшеліктерін де ескеру керек.

  1. Көлік қолжетімділігі. Қала ортасына дейін және сіз жиі баратын, мысалға, жұмысыңызға дейін жету ыңғайлы ма? Қоғамдық көлік дамыған ба және кептеліс жиі бола ма?
  2. Экология. Үйге жақын жерде саябақ бар ма? Өндірістік мекеме орналасқан ба?
  3. Инфрақұрылым. Жақын жерде ірі сауда орталықтары, спорттық орталықтар, супермаркеттер, кафе, балабақша және мектептер бар ма?

Сондай-ақ, мына нәрселерге аса мән беру керек:

  1. Қабаттар саны
  • Бірінші қабат. Пәтер бірінші қабатта болса, жертөледен ылғалдылық сезілуі, даладағы иістер мен дыбыстар естілуі мүмкін және ұрылардан қорғайтын қосымша қауіпсіздік шаралары қажет болуы мүмкін. Сондықтан егер бірінші қабаттан пәтер алатын болсаңыз, аудан, жертөле және аула таза болуы керек;
  • Соңғы қабат. Соңғы қабатта төбеден су ағуы мүмкін. Сондықтан төбені соңғы рет қашан жөндегенін біліп алыңыз және қабырғаларды тексеріңіз. Егер бұрыннан су аққан болса, қабырғалар көгерген немесе су іздері болуы мүмкін. Сондай-ақ әдетте, соңғы қабаттардағы су қысымы әлсіз келеді. Мысалы, ыстық су дұрыс ақпауы мүмкін. Сондықтан оны да тексеріп көрген дұрыс.
  1. Жарық түсетін жақ
  • Оңтүстік. Жылы жақ. Егер бөлме гүлдері көп болса, аквариум болса, бұл жақ ыңғайлы;
  • Солтүстік. Бөлмелердің жартылай қараңғы болғанын ұнатсаңыз, осы жақ тиімді;
  • Шығыс-батыс. Күн шыққанда және батқанда барлық жарық пәтерге түседі.
  1. Бір қабаттағы пәтер саны

Бір қабатта пәтердің төртеуден артық болмағаны жақсы. Әйтпесе, шулы және тар болуы мүмкін.

  1. Лифт пен қабырға

Пәтер қабырғасының лифт шахтасымен шектесіп тұрғаны жаман. Дауыстар естілуі мүмкін және кейде пәтерде лифт қозғалысы сезіледі.

  1. Бұрышта орналасқан пәтер

Бұрышта орналасқан пәтер – бұл қабырғасы көпқабатты үйдің сыртқы қабырғасы болып та саналатын пәтер. Мұндай пәтердің кемшілігі – оның қыста суық, жазда өте ыстық болуында. Бұл жер сыртқы ортаның әсерін қарқынды сезеді. Сондай-ақ температуралардың өзгерісі қабырғаның көгеріп кетуіне ықпал етеді.

Пәтер жайғасымы бойынша әркімнің талғамы әртүрлі. Бірақ ескеру керек жалпы нәрселер бар:

  • Егер екі бөлмелі пәтер болса, бөлмелердің бөлек болғаны жақсы;
  • Бір бөлмелі пәтер жарық болуы керек;
  • Егер бір бөлме өтпелі болса, бұл баласы бар отбасыға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.  
  • Дәретхана мен жуынатын жердің бөлек болғаны ыңғайлы. Ал бірге орналасқаны кеңістік үнемдеуге мүмкіндік береді.
  • Мамандардың айтуынша, отбасылы адамдар үшін ең ыңғайлысы – үлкен екі бөлмесі бар пәтерге қарағанда үш кішкентай бөлмесі бар пәтер.

Үйді күндіз қарау керек. Пәтердің қаншалықты жарық екенін сол кезде ғана байқай аласыз. Кешкі уақытта үйдің немесе ауланың кемшіліктерін байқамай қалуыңыз мүмкін. Үйдің барлық кемшіліктерін суретке түсіріп жүріңіз. Суреттер арқылы барлық көрген үйлеріңізді бір-бірімен салыстыра аласыз. Себебі үйді бірінші көргенде қандай да бір әсер қалады. Бірақ бірнеше күннен кейін осы әсерлер жоғалады. Сол кезде суреттерге қарап, оны объективті түрде бағалай аласыз. Терезеден көрінетін көрініске мән беріңіз. Мүмкін, сіздің балаларыңыз болса, сіз үшін олардың балалар алаңында ойнап жүргенін терезеден көріп тұру маңызды шығар.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: