Жұма, 17 мамыр, 06:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Ұлу жылы туғандарды биыл не күтіп тұр: 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал

01.01.2024

1343 0

Фото: aikyn.kz

Іскер әрі өжет Ұлуларды биыл не күтіп тұр? Аталған жыл белгісінде туғандарға астролог Донна Стеллхорн 2024 жылға арналған жұлдыз жорамалды жасап көрді. 2024 жылға арналған жалпы жұлдыз жорамал 2024 жылы ұлу жылы туғандарды не күтіп тұр?

Оларды биыл оң өзгерістер, пайдалы таныстықтар мен іскерлік байланыстар күтіп тұр. Жұмыс пен қызмет саласында өзгерістер болуы мүмкін. Ұлу жылы дүние есігін ашқандарға барлығын басынан бастау керек болса да, олар тапсырманың бәрін соңына дейін жеткізіп, орындай алады. Жылдың екінші жартысында жыл белгілерін саяхат күтіп тұр. Сондықтан біліміңізді жетілдіріп, бизнес ашыңыз, сондай-ақ жылжымайтын мүлік сатып алыңыз – жоспарлаған арман-мақсаттарыңыздың бәрі биыл жүзеге асады.

2024 жылы ұлу жылы туған әйелдерді не күтіп тұр? Оларға биыл тұрмысқа шығу туралы ұсыныс түседі. Басы бос әйелдер өзінің өмірлік жарын кездестіреді. Отбасылы жандар күйеуі мен балаларына көп көңіл бөлуі керек. Егер жұбайыңызға көп көңіл бөлмесеңіз, сезіміңіз салқындап кетуі мүмкін.

Жұмыс саласында мансаптық өсу болады. Өзін-өзі дамыту саласында да жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Мұндайда оларға интуиция көмектеседі. Ұлу жылы өмірге келген ер адамдар жаңа жылда түрлі сынақтардан өтеді. Оған белсенді жұмыс істеп, коммуникациядағы қиындықтарды жеңуге және жаңа байланыстар орнатуға тура келеді. Ол мақсаттар мен жоспарларды шындықпен байланыстыруы керек.

Жеке және кәсіби өмір арасындағы тепе-теңдік қажет. Күшті қарым-қатынас орнатуға немесе жұбайыңызбен жанжалдың себептерін табуға мүмкіндік туады. Жоспарлаған дүниелеріңіз іске асырылуы үшін, төмендегі кеңестерге мән беріңіз:

Табысты сандар 1, 6, 7 және осы сандардан құралған комбинация.

Жақсы айлар – сәуір, мамыр.

Қолайлы бағыттар – солтүстік, батыс, солтүстік-батыс.

Табысты түстер – сұр, күміс және алтын реңкті түстер.

Қорғаушы тастар – сапфир, хризолит, аметист.

Жыл соңына қарай ұлу жылы туғандар трансформациядан өтіп, өзіне деген сенімге ие болады. Ол өзінің ұстамсыздығын ретке келтіріп, ортақ шешімге келуге үйренеді.

Ақпарат: nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: