Сейсенбі, 07 мамыр, 23:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Ыстық суға түсудің қауіпті екенін білесіз бе?

22.03.2024

633 0

Сурет: massaget.kz

Эндокринолог, медицина ғылымдарының докторы Зухра Павлованың айтуынша, денені, шашты күнделікті ыстық сумен жуудың пайдасы жоқ, – деп хабарлайды Massaget.kz. 

Павлова адамдарды күнделікті ыстық душқа түсуден бас тартуға шақырды, өйткені ол терінің құрғауына жол бермейтін қорғаныс қабатын жояды. Сонымен қатар, тері себумы D3 витаминін синтездеу үшін қажет екен. Маман денені ыстық сумен, оған қоса түрлі сүлгілермен сүртіп жуу зиян екенін ескертті.

Ыстық су шашқа да зиянын тигізеді, өйткені ол табиғи майларды жуып жібереді, бұл оларды сынғыш етеді. Сондай-ақ, мұндай ыстық терінің тітіркенуі мен қабынуын тудырады, бұл өз кезегінде псориаздың, экземаның және эпидермистің басқа ауруларының өршуіне әкеп соғады.

«Ыстық су – жүрекке қосымша жүктеме. Мұны жүрек-қан тамырлары проблемалары бар адамдар ескеруі керек. Жылы температурада қан тамырлары кеңейеді, бұл жүректің көп жұмыс істеуіне әкеп соғады, қан қысымы өзгеріп отырады. Адамның басы айналуы мүмкін, тіпті есінен танып қалуы мүмкін», – деді маман.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: