Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 09:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Заң бойынша мейрамханада ештеңеге тапсырыс бермей отыруға болады

23.10.2024

344 0

Фото: pngtree.com

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, тұтынушы кез келген мейрамхана, кафеде тапсырыс бермей-ақ отыруға құқылы, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Азаматтық кодекстің 10-бабының 6-тармағында жазылған. 

Кейбір қоғамдық тамақтану орны тұтынушыға өзімен бірге тамақ әкелуге тыйым салады және тек өзінен тауар, тамақ сатып алуды міндеттейді. Алайда кез келген адам мейрамханаға, кафеге, асханаға өзімен бірге тамақ әкелуіне болады. Тіпті жай ғана ештеңе тапсырыс бермей, ішпей-жемей, отыруына болады.

Бұл туралы Азаматтық кодекстің 10-бабының 6-тармағында, әр тұтынушы тауарды сатып алу, қызметтерді пайдалану шарттарын еркін жасауға құқы бар деп жазылған.

Нақтырақ айтсақ, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау осы Кодексте немесе өзге де заң құжаттарында көзделген құралдармен қамтамасыз етiледi.

      Әрбiр тұтынушының, атап айтқанда:

      – тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметтi пайдалану үшiн еркiн шарт жасасуға;

      – тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) тиiсiнше сапалы және қауiпсiз болуына;

      – тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнiнде толық және анық мәлiмет алуға;

      – тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бiрiгуге құқығы бар», – делінген. 

Әрине, кез келген мейрамхана болсын, кафе болсын шағын кәсіп иесінің табыс көзі болғандықтан мұндай мекемеге кіріп отыру ыңғайсыз болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, заңда тұтынушының қоғамдық тамақтану орнындағы құқығы көрсетілгенін біліп жүрген абзал. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: