Сенбі, 20 сәуiр, 15:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Зейнетақы жинағының 50 пайызын алуға болатыны рас па?

02.03.2023

714 0

Желіде зейнетақы жинағының 50 пайызын кез келген мақсатта жұмсауға алып бере алатынын айтып, ақы сұрайтын алаяқтар пайда болған. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі өкілдері айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшылары мен алушыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуының жиілеп кеткен жағдайлары туралы хабарлады.

«Жалған делдалдар өздерін қордың қызметкерлері ретінде таныстырып, зейнеткерлерге ақысын төлесе, зейнетақы жинақтарының 50 пайызын кез келген мақсатта жұмсауға алып беруді ұсынған. Бұл ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді», – делінген БЖЗҚ хабарламасында. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: