Бейсенбі, 25 сәуiр, 03:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жүрегіңе жақын қабылдама: Адамдарға ренжуді қалай қоюға болады?

13.01.2023

598 0

Реніш – туындаған жағдайға байланысты реакция. Өкпенің негізінде сізге әділетсіздік жасалды деген сезім жатыр, сондықтан реніштің эмоционалды бояуы әрқашан теріс болады.

Адамдар неге ренжиді? Психологтардың пікірінше, бұл әркімге тән  және реніштің күші сол кісінің сіздің эмоционалдық триггерлеріңізге қаншалықты терең әсер еткеніне байланысты. Балалық шақта болған ауыр оқиғаны бейсаналы түрде  оятатын сөздер немесе әрекеттер қаттырақ ашуландырады. Ересек адам ретінде сіз өзіңіздің эмоцияларыңызды басқара аласыз, бірақ импульсивті «ішкі бала болмыс» әрқашан ренжуге дайын тұрады: сіз оны ешкімге көрсетпей, «жұтып» үлгерсеңіз де, реніш қалады.

Ренжуге бейім екеніңізді қалай білуге болады?

Басқалар сізді қаншалықты оңай ренжітетінін түсіну үшін бірнеше сұраққа жауап беріңіз:

• Қандай да бір нәрсеге ашуланып, жарылып кете жаздайсыз ба?

• Сізге жақындарыңыз «түймедейді түйедей етесің» деп айта ма?

• «Сен мені дұрыс түсінбедің» деген сөзді қаншалықты жиі естисіз?

• Жақын адамдарыңыз сіздің жабық адам екеніңізді және үнемі өзіңізбен өзіңіз болып көрінетініңізді айтты ма?

• Басқалар сізді менменшіл деп санай ма?

Егер сіз бәріне «иә» деп жауап берген болсаңыз, сізді ренжіту оңай. Дегенмен, реніштерге шыдап, оларды жинап жүру пайдалы әдет емес. Жоғары сезімталдық көңіл-күйді ғана емес, өмірді де бұзады. Бір жақсысы мұндай әдеттен арылуға болады.

Қалай ренжімеуге және кешіруге болады?

  1. Ренжігеніңізді мойындаңыз.
  2. «Мен ренжіген кезде сабырлымын» деген мантраны ойша қайталай отырып, бірнеше терең тыныс алыңыз. Пайда болған эмоцияларды басуға тырыспай, барымен қабылдаңыз. Олар сіздің бір бөлігіңіз екенін және сіз басқаша әрекет ете алмайтыныңызды мойындаңыз. Ашу, ыза сынды кез келген эмоцияны тежемеңіз.
  3. Ренжіткен адам туралы ойлаңыз. Айтылған/істелген нәрсе әдейі болды ма, әлде кездейсоқ болды ма? Өзіңізді оның орнына қойыңыз. Мүмкін ол отбасындағы қиындықтарға, жұмыстағы немесе денсаулығына байланысты қиындықтар себебінен солай жасаған шығар. Немесе жай қалағанын дұрыс жеткізбей, сөз таба алмады? Немесе оның сөйлеу мәнері сондай тік болуы мүмкін ғой.
  4. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Мен неге ренжідім? Мен не нәрсеге ренжідім?» Реніш объективті болуы мүмкін. Мысалы, қорлауға реакция ретінде. Немесе ойдан шығарылған. Ондайда эгоцентризмді өшіріп, жағдайды қиындатпаңыз.
  5. Әркімнің өз пікірін айтуға құқығы бар екенін еске түсіріңіз, сіздің де құқығыңыз бар. Ренжудің орнына, басқа біреудің пікірін өз пайдаңызға айналдыруға тырысыңыз. Сыннан адам шыңдала түседі.
  6. Әңгіменің парқына бойламай көпшілік біреудің сөзін тым жақын қабылдап, жаман пиғылмен айтты деп ойлауға бейім.
  7. Өзіңізге қатысты әділетсіз сөз не әрекет жасалғанын түсініп отсаңыз, бірден ашуға беріліп айқай-шу шығармаңыз. Реніші суымаған әңгімеден жанжал шығады. Ренжіткен кісіні диалогқа шақырмас бұрын кем дегенде 24 сағат күтіңіз.

Ренжуді қою үшін ешкім мінсіз емес екенін ұғу керек. Егер сіз басқалар да сіз сияқты мейірімді әрі жанашыр болады деп ойласаңыз, жиі опық жеп, ренішке бой алдыруға себеп табасыз.

Әр адамның мінезінде кемшіліктер бар, сізде де.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: