Сейсенбі, 17 қыркүйек, 14:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74-2084
17.09.2024
PDF мұрағаты

Саябақта аттракцион құлады: зардап шеккендер бар

16.09.2024

213 0

Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Тікұшақ» аттракционының кабинасы құлап, кабинада болған әйел мен бала ауруханаға жеткізілді. Оқиға Қарағандыда орын алған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Patriot Telegram арнасының хабарлауынша, оқиға 15 қыркүйек, жексенбі күні болған.

Оқиға орнында қалалық ішкі істер бөлімі мен Михайловский полиция бөлімінің қызметкерлері мән-жайды анықтауда.

Қарағанды ​​облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров аталған жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Іс қозғалды. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталып жатыр», – деді Бақытжан Құдияров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: