Жұма, 29 наурыз, 10:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан азаматтары 76 елге визасыз бара алады

11.01.2023

776 0

ҚазАқпарат – Қазақстан 2023 жылы Henley & Partners Visa Restrictions Index төлқұжаттар рейтингінде 70-ші орын алды. Республика азаматтары 76 елге визасыз бара алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі ұйымның баяндамасына сілтеме жасап.

Отандық төлқұжаттың ағымдағы халықаралық ережесі көрсетіп отырғандай, еліміз биыл өткен жылмен салыстырғанда рейтингте 3 орынға жоғары көтерілген.

2022 жылы Қазақстан бұл рейтингте 73-ші орында тұрған, ал визасыз елдер саны 76-ны құраған болатын.

Визасыз бағыттар саны бойынша Жапония көш бастап келеді – оның төлқұжат иелері әлемнің 227 елінің 193-не визасыз бара алады.

Сингапур мен Оңтүстік Корея 192 нәтижемен екінші орын алды. Ең әлсіз төлқұжат Ауғанстанда, оның азаматтары 27 елге виза рәсімдемей бара алады.

Ал, Әзербайжан төлқұжаттар рейтингінде 76-шы орында. Оның азаматтары 70 елге визасыз баруға құқылы.

Henley&Partners компаниясының әлемдік визалық шектеулер индексі (Visa Restrictions Index) әлемнің 200-ден астам елі мен аумағының визалық ережелерін талдайды және оларды визасыз кіретін елдер саны бойынша саралайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: