Сәрсенбі, 16 қазан, 17:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Бекетте баллонға газ құймайды

08.10.2024

129 0

Автокөліктерге арналған газ құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарға газ құюға тыйым салынады. Бұл ретте көп қабатты тұрғын үй-жайларда тұрмыстық газ баллондарын сақтауға және пайдалануға жол берілмейді. Бұл туралы Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Бабаев брифингте айтты.

– Ең алдымен, газ құю бекеттері қауіпсіздік шарасын қатаң сақтауы қажет. Өйткені газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау төтенше жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін. Тұрмыстық газ баллондарына рұқсаты бар газ толтыру бекеттері мен станцияларында газ құюға және газ толтыруға болады, – деді Ғабит Әбдінәбиұлы.

Бүгінде қалалық төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан тұрғын үй секторында өрттің болуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Ғ.Бабаев брифингте қала тұрғындарын төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: