Дүйсенбі, 18 мамыр, 20:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 (2248)
16.05.2026
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы қаладағы аяқсу ұңғымаларының жағдайын тексерді

18.05.2026

138 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қызылорда қаласындағы аяқсу ұңғымаларының қазіргі жағдайымен танысты.

Н.Назарбаев даңғылы мен А.Шәменов көшесі қиылысындағы, «Қорқыт ата әуежайы» аумағындағы, «Эдельвейс» саяжайы маңындағы және сол жағалаудағы көпбейінді аурухана жанындағы аяқсу ұңғымаларының жай-күйін көріп, жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, аймақ басшысына сол жағалаудағы көгалдандыру, жасыл белдеу жобалары таныстырылды. Кейінгі жылдары қоныстанушылар саны өскен шағын ауданды көгалдандандыру жұмыстары құрылыспен қатар жүргені маңызды.

Аймақ басшысы қаладағы аяқсу ұңғымаларының жағдайын тексерді


Қала аумағындағы 68 көшеде 98,6 шақырым арық жүйелері бар, 46 көшедегі 74,6 шақырымына аяқсу жеткізілуде, 3 көше 4,4 шақырым ірі лотокпен, ал 39 көше 68,6 шақырым кіші лотокпен жабдықталған. Он нүктедегі 16 насос қондырғысы толық қуатымен жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, 12 арық жүйесіне 19 насос арқылы су берілуде.

Аймақ басшысы қаладағы аяқсу ұңғымаларының жағдайын тексерді


«KazstroyCapital LTD Kyzylorda» ЖШС-мен бірлесіп, аяқсу жеткізілмеген көшелерді жерасты ұңғымалары арқылы сумен қамту қолға алынған. Атап айтсақ, Бөкейхан көшесіндегі арыққа аяқсу берілді.
Сонымен қатар, «Қызылорда тазалығы» мекемесі қаладағы арық және канал жүйелерін қалпына келтіріп, тазалау жұмыстарын ұдайы жүргізеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: