Дүйсенбі, 06 мамыр, 15:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Алматыдағы қар көшкіні жолдарды жауып қалды

11.02.2024

227 0

Асы обсерваториясының маңында болған қар көшкіні Алматы облысында жолды жауып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

“2024 жылы 11 ақпанда сағат 09 сағат 10 минутта Алматы облысы ТЖД Еңбекшіқазақ ауданында қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты таулардың баурайында қар көшкінінің өздігінен түскені туралы хабарлама келіп түсті. Көшкіннің жалпы көлемі 67.5 текше метрді құрады. Қар көшкіні жүргендіктен «Түрген ауылы- Батан шатқасы» облыстық маңызы бар тас жолы жабылды”, – делінген жексенбіде тараған ақпаратта


Автожолды тазарту жұмыстарын Қазселденқорғау ММ-нің күштері жүргізіп жатқаны айтылады.

“Түрген өзенінің арнасы бойымен су қалыпты жағдайда өтуде. Қаза тапқандар мен қираулар жоқ. Азаматтардың қауіпсіздігі және автокөліктің жол қозғалысының қауіпсіздігі мақсатында жолдың осы учаскесі бойындағы жол 2024 жылғы 1 мамырға дейін Есік қаласы -Есік көлі автожолының 15 километрінен 41 километріне дейін, сонымен қатар Есік және Түрген 20 км Түрген-Батан ауылы-Ассы- обсерваториясы автожолының 41 км дейін жабылды”, – деп қосты аталған ведомство өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: