Сенбі, 27 сәуiр, 12:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Майқайыңдағы автобус апаты: Іздеу жұмыстары тоқтатылды

05.02.2024

209 0

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті “Майқайың-алтын” АҚ аумағында ойыққа құлап кеткен автобусты іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ойық түбінде тереңдігі 3 метрдей болатын шұңқыр пайда болған. Кеніш аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстары әзірше тоқтатылып, құтқарушылар жер бетіне шығарылды.

«Экскватор қазып жатқан жерде терең шұңқыр пайда болды. Шұңқырдың түбінде бос кеңістіктер бары байқалады. Экскаватор мен мамандар шұғыл түрде жоғары көтерілді. Ойық түбіндегі топырақтардың төмен опырылып түсіп кетуі қаупі туындағандықтан, жұмыстар уақытша тоқтады», – деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қазір пайда болған шұңқырдың ішіне эндокамера түсіріліп, зерделеніп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: