Құрылтай

Сейсенбі, 14 шiлде, 13:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

14.07.2026

41 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті. Кездесуде өңірдегі уран өндіру саласының қазіргі ахуалы, өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Аймақ басшысы компанияның әлемдік уран нарығындағы, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудағы орнын атап өтті.

«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниялар тобы біздің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Өңірде уран өндіру жылдар бойы тұрақты дамып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және жергілікті экономиканың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бұл бағыттағы өзара тиімді әріптестік алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдіремін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Бүгінде аймақта уран өндірумен «ҚазАтомӨнеркәсіп» құрамындағы еншілес кәсіпорындар айналысады. Олар – «Байкен-U», «Тураниум», «Семізбай-U» және «РУ-6» серіктестіктері. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында металлургия саласының үлесі 39,4%.

Басқосуда тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: