Сенбі, 16 мамыр, 21:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 (2248)
16.05.2026
PDF мұрағаты

Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді

16.05.2026

118 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Мемлекет басшысының қолдауымен салынған, жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығының ашылу рәсіміне қатысты.

Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді
Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді
Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді


Оқу жылы аяқталуға жақын қалғанда оқушылар демалысын тиімді ұйымдастыру үшін іске қосылған орталық Президент саябағы аумағында орналасқан. Құрылысы былтыр қыркүйек айында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған болатын.
Бүгінде өңірде 180 мыңға жуық мектеп оқушысы бар. Олар жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуі үшін кешенді жұмыс жоспарланған. Биыл 170 мыңнан астам жеткіншектынығу лагерьлеріне, 150 мыңға жуығы мектеп жанындағы лагерьлерде демалады. Өңірде 7 лагерь жұмыс істейді.
Рәсімде облыс әкімі жаңа орталық жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, демалысына және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін маңызды жоба екенін атап өтті.

Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді
Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді


«Бүгін Президент саябағы аумағында Мемлекет басшысының қолдауымен жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін оқу-сауықтыру орталығын ашып отырмыз. 10 млрд теңгеге салынған жаңа нысанның материалдық-техникалық базасы әлемдік озық стандарттарға толық сәйкес келеді. 300 орындық орталық аумағында 5 мың шаршы метрге жуық әкімшілік ғимарат, ауқымды іс-шараларға арналған ивент-аймақ, 4 жайлы жатақхана және қонақүй үлгісіндегі ғимарат бар.
Сонымен қатар балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін барлық қажетті инфрақұрылым мен заманауи жабдықтар орнатылып, демалыс аймақтары жасақталған. Алдағы уақытта 17 мыңнан астам шаршы метр аумағы толық абаттандырылып, көгалдандырылады.
Халықаралық Балаларды қорғау күні қарсаңында ашылып отырған бұл орталық Мемлекет басшысының қолдауымен жас ұрпаққа жасалған тамаша тарту, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді
Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді


Оқу-сауықтыру орталығының басты ерекшелігі – қасында заманауи стандарттарға сай Ботаникалық бақтың болуы. Мұнда балалардың экологиялық білімін жетілдіруге және өсімдіктердің экожүйедегі маңызын түсіндіруге бағытталған оқу-танымдық жұмыстар жүргізіледі. Оңтүстік Африка, Орталық және Оңтүстік Америка, Қытайдан әкелінген өсімдіктер өсіріледі.

Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді


Президент саябағы аумағы да Қызылордадағы қарқынды құрылыс алаңына айналған. Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, демалыс орындары біртіндеп бой көтеріп келеді. Оқу-сауықтыру орталығы – мұндағы іске қосылған алғашқы нысан.

Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді
Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді


Кейінгі жылдары аймақта Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауымен 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынғаны белгілі. Бір ғанабілім беру саласында 43 нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясындағы 10 мектеп,физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасы, «Оқушылар сарайы» және «Сыр жұлдыздары» академиясы бар. Жалағаш, Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» жас жеткіншектердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға қызмет етуде.

Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді


Рәсімде Мұрат Абдуламитұлы, Руслан Рүстемұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйледі. Білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздар қауымы, жаңа нысан құрылысын мерзімінде аяқтаған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қызылордада «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: