Сейсенбі, 12 қараша, 20:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылша ауруының алдын алу жолы – екпе алу

08.12.2023

842 0

Қызылша – жедел жұқпалы ауру. Оның негізгі белгілері адамның қызуы көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болады. Тіпті адамның көзі қызарып, тыныс алу ағзалары зақымдануы мүмкін. Қызылшамен ауырған адам ең алдымен оқшауланып, қоғамдық ортада жүрмеуге мүмкіндігінше тырысу керек. Аурудың алғашқы белгілері: әлсіздік, тәбеттің болмауы, дене қызуының көтерілуі, жөтелдің пайда болуы. Одан кейін жұмсақ және қатқыл таңдайда бөртпелер пайда болады. Егер адам дәл осындай белгілерді өзінен байқаса, өздігінен емделуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгінуі керек. Қызылша ауруының алдын алудың негізгі әрі тиімді жолы – екпе алу. Осы арқылы ғана ұжымдық иммунитет қалыптастырып, аурудың өршуін тоқтатуға мүмкіндік болады.
Қызылорда облысы бойынша жыл басынан бері қызылша ауруының 1 240 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар үлесі 1080 құрап отыр. Қызылша ауруына шалдыққандардың басым көпшілігі, яғни 80 пайызы бұрын ауруға қарсы екпе алмаған адамдар. Бүгінгі таңда тиісті контингенттер арасында жаппай иммундау шаралары жүргізілуде. 6 қарашадан бастау алған қосымша жаппай иммундау науқанында 23490 адам қызылшаға қарсы вакцина алды. Иммундау шарасы әлі де жалғасуда.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: