Бейсенбі, 02 мамыр, 17:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Шегедей қыз»: Меруерт Түсіпбаева экология министрінің тәжірибесіз екенін айтты

13.06.2023

339 0

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында экология минстрі Зүлфия Сүлейменованың лауазымына қатысты пікір білдірді. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтқан Зүлфия Сүлейменова көз жасына ерік берген еді. Өнер иесі Меруерт Түсіпбаева осы жағдайға қатысты ойын ашық айтты.

“Қадірлі ағайын, кеше еліміздің көк туы жығылған күн болды. Қандай өкінішті жағдай десеңізші… Біздің елде не күймей жатыр?! Неге ғана тілсіз жаумен жалаң қол алысты екен?! Елін, жерін қорғаған ардақтыларым-ай….Халық қалай жоқтаса да лайықтысыздар. Теледидардан тоқтамай бет-жүздеріңізді көрсетіп жатты. Қарай алмай өшіріп тастадым. Өзегімді өкініш өртеді. Артта қалған жақындарыңызға сабыр берсін, жаратқан! Елімізде мұндай трагедия қайталанбасыншы. Ешкім жыламысын, жоқтамасын”, – деп жазды әнші.

Өнер иесі экология минстрі Зүлфия Сүлейменованың жауапкершілікті талап ететін лауазымға дайын емес деп ойлайды.

“Әсіресе министрлер жыламасыншы! Желіде министрдің көз жасын жырлағандар көп. Неге жылады сонымен?! Шегедей қыз, мұндай үлкен тәжірибені талап ететін мемлеттік қызметке тағайындалғаны дұрыс па?! Бұрыс па?! Зүлфияның орнында 50-60 жасқа келген, тіс қаққан маман болса, бәлкім бәрі басқаша болар ма еді?! Өз ойым. Жегідей жеген ойлар көп, халқым. Сіздерде жауап бар ма?! Ешкімді сөгіп, даттап отырғаным жоқ! Азаматша ретінде өз ойыммен бөлістім. Дұрыс қабылдаңыздар. Зүлфия қыз, көтере алмас шоқпарды беліңе байлама”, – делінген жазбада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: