Сәрсенбі, 27 мамыр, 20:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Сыр өнерпаздары Люксембургте қазақ мәдениетін дәріптеді

27.05.2026

57 0

Қызылорда облысының өнер шеберлерінің Еуропадағы гастрольдік сапары аясында Люксембург Ұлы Герцогтігінде Қызылорда облыстық филармониясының концерті өтті. «Shanyraq Fest Luxembourg» мәдени бастамасы шеңберінде ұйымдастырылған кеште қазақ халқының бай музыкалық және фольклорлық мұрасы халықаралық көрермен назарына ұсынылды.

Сыр өнерпаздары Люксембургте қазақ мәдениетін дәріптеді

Мәдени іс-шара Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшілігі, Қызылорда облысының әкімдігі және ERG қолдауымен ұйымдастырылды.

Сыр өнерпаздары Люксембургте қазақ мәдениетін дәріптеді

Концертке Люксембургтің мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, кәсіпкерлер, мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ осы елде тұратын қазақстандықтар мен студент жастар қатысты.

Сыр өнерпаздары Люксембургте қазақ мәдениетін дәріптеді

Кеш барысында Қазақстанның Люксембургтегі елшісі Роман Василенко құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет пен өнердің халықтарды жақындастыратын маңызды рухани құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар мұндай мәдени бастамалар мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, халықтардың бір-бірінің тарихы мен дәстүрін тереңірек тануына ықпал ететінін жеткізді.

Концерттік бағдарламада Сыр өңірінің бай музыкалық мұрасы кеңінен насихатталып, ұлттық фольклор, күй өнері мен жыраулық дәстүр көрермен назарына ұсынылды. Өнерпаздар орындауындағы шығармалар арқылы Ұлы даланың рухы мен қазақ халқының мәдени ерекшелігі шетелдік көрерменге кеңінен таныстырылды.

Кеш қорытындысында барлық өнерпаздар бірлесіп «Атамекен» әнін орындап, қазақ мәдени кешінің әсерлі финалына айналдырды.

Айта кетейік, мәдени кештің режиссері – «Ерен еңбегі үшін» медалінің және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Азиза Іздіқұлова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: