Жұма, 26 сәуiр, 08:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Әкелер форумы өтті

14.11.2022

1193 0

Студенттер сарайында «Аймақтағы отбасылық-демографиялық саясатты насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен және «Qazaqstan jastary» қоғамдық қорының ұйымдастырумен «Мақтау сөзге лайық жан – өзің ғана, әке!» тақырыбында әкелер форумы өтті. Форумның мақсаты – заманауи қоғамдағы, отбасындағы әкенің рөлі мен маңызын насихаттау, дәріптеу.

Форумға әр салада қызмет атқаратын, шаңырақтың негізгі тірегі болып табылатын әкелер қатысты. Олардың арасында қалалық «Мерейлі отбасы-2022» байқауының жүлдегері, «Шиелі ауданының Құрметті азаматы» Жүзбай Таңрақбаев, «Мерейлі отбасы» байқауының екі дүркін жүлдегері, 6 баланың әкесі  Ғани Байұлов, қалалық мәслихаттың депутаты Талғат Телеубаев, кәсіпкер, көп балалы әке Данабек Жалғасов, жас әке Орынбасар Ербозым бар.

Әкелер форумына жас ұрпақ өкілдері – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары, жалпы ниет білдіруші жастар қатысты. Форум соңында қонақтарға алғыс хат табысталды.

Әкенің мінез – құлқы, болмысы, өзгелермен қарым – қатынасы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы екендігін ескерсек, форумның бүгінгі жастарға келтірер пайдасы күмән тудырмайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: