Бейсенбі, 25 сәуiр, 14:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Асыл сөзді Абайдан ізде!

03.12.2020

1359 0

Көнеден көш тартып, жаңа заманға табан тірген тұста, жолымыздан жаңылмау үшін бір бағдардың керегі анық еді. Ал қазақ халқына Абайдан асқан жол сілтер ұстаздың жоқтығы – абсурд. Осы тұста, өскелең ұрпаққа ұлы ақынның ұлағатты жолын көрсетсек, сонда келешек елдің тізгінін ұстайтын жастардың бойына адалдық пен адамдық сияқты қасиеттерді сіңіріп, рухани байлығын арттыра түсер едік.
Кейде болашақ жастарды қолында дейміз ғой. Алайда ұлттық таным-түсініктің бұлыңғырланып, кейде бір қазақы қасиеттен алшақтап бара жатқанымызды назардан тыс қалдырып жатамыз. Осы тұста Абайдың өмір жолындағы қия-қалтарысы, дүниетанымы мен ой орамдары бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі болуы үшін ағартушылық жұмыстарына басымдық берілуі ауадай қажет. Абай адам баласын еңбек етуге, адамгершілік қасиеттерге баулуға, өнер мен білім, өнеге мен тәлім сияқты ізгі қасиеттерді түрлі өмірлік маңызы бар шешім қабылдар алдында орынды қолдана білуге тәрбиелеп, толық адам болу үшін неден жиреніп, неге құштар болу керектігін де тайға таңба басқандай анық көрсетіп кеткен. «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз…» – деген тұжырымның астары тұжырымның астары білімнің маңызын көрсетіп берді.
Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойына адамгершіліктің нәрін, ізгі қасиеттерге баулу керектігін де айқындап кеткен. Ұлы ақынның әрбір айтқан сөзі – есті адам үшін өсиет пен өнегенің таптырмас үлгісі.
Ұстаз ретінде алдымызға келген жас ұрпақтың гаджеттерге тілсіз байланып, көкжиегін кеңейту үшін интернеттен ақыл сұрайтыны қынжылтады. Осы ретте Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында тәлім-тәрбиесі мол шығармаларын қоғам болып, жас ұрпаққа насихаттау, түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары кеңінен жүргізілсе деген пікір білдіргім келеді. Ал асыл сөзді Абайдан іздеген ұрпақтың саны артса, бүтін бір толқынның ұлтжанды болып өсеріне күмән жоқ.


Талшын ДОСТАНОВА,
«Мұрагер» мектебінің мұғалімі,
Қызылорда қаласы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: