Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Академиялық үдерістегі Жасанды интелеклект» тақырыбында 72 сағат көлемінде біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды.
Жасанды интеллект институтының ұйымдастыруымен өткен іс-шара AI-дің академиялық үдерістер мен ғылыми жұмыстардағы рөліне байланысты маңызды мәселелерді қамтиды. Әсіресе, жасанды интеллекттің тиімді әрі этикалық қолданылуы, оның академиялық жазбалардағы ықпалы және плагиаттың алдын алу үшін қолданылатын жаңа технологиялар маңызды орын алады.
Сондай-ақ, «Қысқы мектеп» аясында плагиатқа қарсы StrikePlagiarism.com жүйесінің эксперті Ақмарал Кужиева өз тәжірибесімен бөлісуде.
Курстың мақсаты – қатысушыларға академиялық жұмыстарда жасанды интеллектті дұрыс қолдану туралы білім беру, сонымен қатар, плагиатпен күрес және ғылыми этиканы сақтау жолдарын таныстыру.
Жиынға оқу орнының бөлім басшылары, институт директорлары, БББ жетекшілері, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!