Жұма, 26 маусым, 18:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Үкімет биыл инфляция деңгейін 10%-дан төмен түсіруге уәде берді

26.06.2026

29 0

Фото: shutterstock

Үкімет биыл елдегі инфляция деңгейін 10%-ға төмен түсіруге ниетті. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

«Өткен жылы қыркүйек айында инфляция 12,9%-ға жетті. Қазір Үкімет, Ұлттық банк және басқа да мүдделі құрылымдар қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде осы жылдың бес айында инфляция көрсеткіші 10,4%-ға дейін төмендеді. Біз қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша жақын арада инфляцияны 10%-дан төмен түсіруді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар премьер-министр нақты халық табысы өскен салаларды атап өтіп, ары қарай экономиканың барлық салаларындағы кіріс өсуі үшін нақты шаралар қабылдайтынын айтты.

«Мысалы, ауыл шаруашылығында ауылдағы жұмысшылардың нақты табысы 9,3%-ға өсті. Сауда, байланыс, сумен жабдықтау, энергетика сияқты салаларда кірістер бағытына байланысты орта есеппен 4%-ға өсті, көлік саласында бұл көрсеткіш 5-тен 10%-ға дейін артты. Жекелеген салаларда оң динамика бар. Біз халықтың нақты табысының көрсеткіштері экономиканың бүкіл салаларында өсуі үшін барлық шараларды қабылдайтын боламыз», – деп атап өтті премьер-министр.

Қазір елдегі инфляция деңгейі – 10,4%. Бұған дейін Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшылары Қазақстан инфляция деңгейін төмендету үшін мемлекет шығынын шектеу қажет деген кеңес берген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: