Жұма, 26 маусым, 18:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Бастауыш сынып оқушылары үшін БЖБ мен ТЖБ алып тасталуы мүмкін

26.06.2026

26 0

Фото: shutterstock

Қазақстанда бастауыш сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

«Бұл мәселені ең алдымен ата-аналар көтерді. Қазір бала БЖБ немесе ТЖБ тапсырғанда, әрбір ата-ана осы процеске араласады. Негізінде бұл – балалардың білім сапасын бағалау құралы. Сонымен қатар бүгінде БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларының сатылып жатқаны анықталуда. Меніңше, мұндай фактілерге құқықтық баға берілуі керек. Критериалды бағалау жүйесі енгізілген көптеген дамыған елдерде бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ мүлде қолданылмайды. Сондықтан қазіргі кезеңде Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптарда оларды алып тастау мәселесін талқылап жатыр», – деді министр.

Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты министрліктің түпкілікті шешімі дәстүрлі тамыз конференциясында жарияланады.

Журналистер БЖБ мен ТЖБ алынып тасталса, оның орнына қандай бағалау жүйесі енгізілетінін сұрады. Сондай-ақ бес балдық бағалау жүйесіне қайта оралу мүмкіндігі туралы сауал қойды.

«Менің ойымша, бес балдық бағалау жүйесі ескірген. Әлемде білімді бағалаудың түрлі тәсілдері бар. Бұл жерде балалардың жас ерекшелігі мен оқу материалын меңгеру деңгейін ескеру қажет. Қазір жасанды интеллекті енгізу жұмыстары жүріп жатыр, сондықтан бұл мәселені жан-жақты талдап жатырмыз. Толыққанды шешімді кейінірек жариялаймыз», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Осыған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқулықтарының қайта жазылу себебін түсіндіріп берді. Айтуынша, биыл 3О тамызға дейін үшінші және тоғызыншы сыныптардың оқулықтары қайта басылып шығады.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: