Сәрсенбі, 28 ақпан, 11:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2027)
27.02.2024
PDF мұрағаты

Қалдырған ізің мәңгілік

02.10.2021

1003 0

«Ұстазым менің, Ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс, жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып».

Осы бір өлең жолдарында қаншама шәкірттің жүрегінде тұрған сонау бір ұстазға деген сағыныш пен ыстық ықыластың мәндері байланысқан. Шынымен де мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқанына қанша жыл болған шәкірттердің жүрегінен ұстаздың орны мен ұстазға деген құрмет ешқашан жоғалмақ емес. Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық, барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді, абзал жандар десем артық айтпағаным болар. Оның бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі, лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі, тіршіліктегі шырақтың өшпес ошағы.

Адамның адам болып қалыптасуына ата-анасымен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Мейлі, қандай маман иесі атансаңыз да сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға хақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп хәкім Абай айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтағаныңыз жөн.

Қалай десек те шәкірт үшін ұстаздың орны бөлек. Өйткені мұғалім балаға білім беріп қоймайды, оның шырағданын да жағады. Сондықтан да адам өмірінде мәңгілік із қалдыратын жан ретінде суреттедеді.

Бақыт БЕКТІБАЙҚЫЗЫ,

қалалық білім бөліміне қарасты қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығының

«Жас тілшілер»

үйірмесінің жетекшісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: