Бейсенбі, 18 сәуiр, 15:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда Мұғалімдер күнін тойлау ресми ауысты

10.03.2023

685 0

Елімізде Мұғалімдер күнін тойлау датасы 5 қазанға ресми түрде өзгертілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тиісті қаулыны Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдады.

Бұған дейін республикада Ұстаздар күні қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтілетін. Енді бұл датаны мерекелеу әлемнің 100-ден астам елінде 5 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік Мұғалімдер күнімен тұспа тұс болмақ.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: