Жұма, 27 желтоқсан, 07:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада биыл 7 508 мектеп бітіруші түлек ҰБТ тапсырады

12.05.2022

979 0

2021-2022 оқу жылында 8 мыңға жуық білім алушы мектепті бітіреді. 14 мамырға дейін Ұлттық бірыңғай тестке өтініш жасау электронды форматта қабылданады. Сондай-ақ, биылғы оқу жылында 7 508 оқушы ҰБТ-ға қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова хабарлады.

ҰБТ және барлық деңгейдегі олимпиадалар электронды форматқа көшірілді. Басқарма басшысы мұның ең басты артықшылығы – барлық процестің ашықтығы мен азаматтарға қолайлы жағдай жасалуында екенін айтты.

«ҰБТ-ға өтініштердің басым көпшілігінің электронды форматта тапсырылуы азаматтар арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді. ҰБТ-ға өтініш қабылдау 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында app.testcenter.kz сайтында жүргізілуде. Сондай-ақ, биыл ҰБТ тапсырушы түлектерге тест тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік беріледі. Яғни, тек бір бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады. Пәндердің санында өзгеріс жоқ. Ең жоғарғы ұпай саны – 140», – деді басқарма басшысы Ақзира Бақтыбайқызы.

Түлектердің ҰБТ-ға дайындалуына Ұлттық тестілеу орталығының тегін онлайн-сынақ тестілеуі бүгінде іске қосылып, көмек ретінде оқушыларға мүмкіндіктер жасалынуда. Мұнымен қоса, Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп әзірленген білім беру орталықтарының тегін онлайн сабақтары да жалғасып жатыр. Ал, ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін алғаш рет негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 минут берілді. Сонымен бірге олар үшін тест нұсқалары суреттерсіз, диаграммаларсыз және сызбаларсыз әзірленді.

Айта кетейік, академиялық адалдықты сақтау үшін талапкерлердің тест нұсқасы таңбаланады. Ережелерді бұзған және тест тапсырмаларын аудиториядан тыс жерге шығаруға тырысқан жағдайда, Ұлттық тестілеу орталығы ереже бұзушыларды анықтап, оның тест нәтижелерін жояды. ҰБТ кезінде компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі және металдардың бірқатар белсенділігі қосылған тұздың ерігіштігі кестесі қолжетімді болады.

Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: