Жұма, 03 мамыр, 00:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

16 жастағы қазақстандық Шри-Ланкада көз жұмды

11.03.2024

275 0

Сурет: pixabay.com

Шри-Ланка ауруханасында көз жұмған 16 жастағы қазақстандықтың денесін елге әкелу үшін әуе компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров кезекті брифингіде осындай мәлімет айтты.

«10 наурызда біздің Үндістандағы елшілікке Қазақстан азаматтары хабарласты. Олардың кәмелетке толмаған 16 жастағы ұлы Шри-Ланканың бір ауруханасында жатыр деген ақпарат келіп түсті. Ол ақпаратты тексергеннен кейін 5 наурызда жасөспірім серфингпен айналысып жүріп, суға батып кеткені мәлім болды. Жансақтау бөлімінде 10 наурызға дейін 5 күн жатты. Сол 5 күннің ішінде, әрине, дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасады. Бірақ, өкінішке қарай, жаңағы бала қайтыс болды», – деді ол.

Айбек Смадияров қазір Қазақстан консулы сол баланың әке-шешесімен байланыста екенін атап өтті.

«Барлық құжаттар рәсімделіп жатыр. Сонымен қатар денені Қазақстанға жеткізу үшін арнайы әуе компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Баланың шешесі қазақ, әкесі шетелдік азамат. Марқұм – Қазақстанның азаматы. Кейінгі бірнеше жылда әке-шешесімен бірге Шри-Ланкада тұрып келген», – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: