Сәрсенбі, 17 сәуiр, 04:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Аймақтың бас дәрігері денсаулық саласына нендей жаңалық әкеледі?

11.05.2023

707 0

Жақында облыстық денсаулық сақтау басқар­масына жаңа басшы келгені белгілі. Жауапкершілік жүгі ауыр салаға кім келді десеңіз, жас болса да өз ісінің білікті әрі мықты маманы келді. Алдымен бас дәрігердің еңбек жолы мен алдағы атқарылар жоспарымен бөліссек…

Ысқақов Олжас Ермекұлы – қызметте сатылап өскен білікті маман. Аймақтың денсаулық сақтау саласымен жақсы таныс, өзекті мәселелердің оңтайлы шешімін табуға әлеуеті жеткілікті, білікті кадр. Ол 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі», Қарағанды университетін «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандықтары бойынша бітірген. Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент магистрі. Бүгінгі күні Алматы менеджмент университетінде докторантура бойынша өз білімін жетілдіруде.

Еңбек жолын 2013 жылы №3 қалалық емханада учаскелік дәрігер болып бастап, 2018 жылға дейін осы емханада бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2018-2021 жылдар аралығында Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2021 жылдан осы кезге дейін Денсаулық сақтау министрлігінде Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің медициналық-әлеуметтік оңалту басқармасының басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Бір айдан кейін…

Бүгінде аймақтың бас дәрігерінің медицина саласын тізгіндегелі 1 ай толып отыр. Бір ай денсаулық саласындағы мәселелерді зерттеп, тұрғындардың арыз-шағымын азайту және оның алдын алу мақсатында тұрғындардың медициналық кө­мекке қанағаттану деңгейін арт­тыру, хирургия және нефрологиялық қызметін да­мыту бойынша жол карталары әзірленуде.

Тыңдаулар нәтижесінде об­лыс халқына көрсетілетін меди­циналық көмекті жетілдіру мақ­сатында 2023-2028 жылдарға ар­налған стратегиялық даму жоспары әзірленуде.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға көрсетілетін медициналық көмекті талдау мақсатында «B.B.NURA» және «DIAVERUM» амбулаторлы гемо­диализ орталықтарының басшылары, мемлекеттік органдар және МӘМСҚ КЕАҚ филиалы өкілдерімен бірге аталған орталықтар тарапынан бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға медици­налық көмек сапасын жақсарту және анықталған кемшіліктерді жоюға 1 шіл­деге дейін уақыт берілді.

Облыстағы бүйрегі ауыстырылған тұрғындар қанындағы такролимус кон­центрациясын анықтау мақсатында об­лыстық қан орталығында такролимус концентрациясын анықтайтын аппаратқа реагент және орталық қалалық емханаға иммунохимиялық анализатор аппаратын сатып алу жұмыстарын үйлестіріп, осы жылдың мамыр айының ортасында аталған қондырғы іске қосылатын болады.

Алматы және Жамбыл облыстарындағы (Еңбекші қазақ және Мерке аудандарында) үздік тәжірибе орталықтарының тәжі­рибесін енгізу мақсатында Шиелі ауданаралық ауруханасы және №6 қа­лалық емханасы мамандарын тәжірибе алмасу және озық тәжірибені тиімді енгізу үшін осы айда облыс мамандарын жолдау министрлікпен пысықталды.

Облыс әкімінің қолдауымен облыстық перинаталдық орталығының жүктемесін азайту мақсатында көпбейінді облыстық ауруханасының жанынан 70 төсектік перинаталдық орталығы, 150 төсекке арналған көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, 0-3 жас аралығындағы балаларға ерте араласу орталығы, Арал ауданынан балаларға арналған ауданаралық оңалту орталығын құру жоспарланып отыр.

Бүгінгі күнге дейін тар буынды дәрігер мамандарды дайындауға облыс әкімінің 20 гранты бөлінсе, биыл 30 грант бөлініп, аймаққа да аса қажетті мамандар тізімі жасақталды.

Ана мен бала денсаулығын қор­ғау басты мақсатымыз екенін ескеріп, биыл біліктілікті арттыруға жергілік­ті бюджет қаражаты есебінен дәрігер­лерге 18 тақы­рып, орта буын қызмет­керлеріне 22 тақы­рып бойынша оқыту жоспарланды.

Соңғы айда Н.Д.Батпенов атындағы травматология ғылыми орталығының  жоғары санатты травматолог ортопед дәрігері облыс тұрғындарына күрделі 8 ота жасаса, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында ҚР ДСМ-нің бас балалар ревматологі Зәуре Серікбайқызы «Балалар жасындағы аутоиммунды патологияны ерте диаг­ностикалау» тақырыбында ЖТД, рев­матолог, педиатр мамандарына се­минар өткізіп, 46 науқасқа кеңес бе­рілумен қатар 4 балаға буынішілік глюкокортикоидттардың енгізілу тәжі­­ри­бесін көрсетті. Оған қоса ҚР ДСМ-нің бас неонатальды хирургы Асылжан Ерекешов «Туабітті өт шығару жолда­рының даму ақауы», «Туабітті асқазан ішек жолдарының даму ақауы» тақы­рыптарында шеберлік сағатын өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Кезекті сессия отырысында орфанды сирек кездесетін ауру түрлерімен сыр­қаттанатын облыс тұрғындарына жер­гілікті бюджеттен қосымша 100 млн теңгеге қаражат бөлінді. Одан бөлек, басқармамен «Қазақстан халқына» қоры­нан 34 млн теңгеге 3 науқасты керекті «Цинрайз», «Рисдиплам» препараттармен қамтамасыз ету үшін сұраныс беріліп, қолдау тапты.

Міне, бұл жаңа басшының бір айдағы біршама жұмысы. Денсаулық саласының игі істері алдағы уақытта да өңір халқының игілігіне айнала бермек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: