Сенбі, 04 мамыр, 03:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ауруханада науқастарға құрттаған тамақ берген

14.03.2024

417 0

Сурет: David Sacks / Getty Images

Ауруханада науқастарға құрттаған ас-ауқат берілген. Тамақтың ішінде жәндік қалқып жүргенін емделушілер ұялы телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген. Медицина мекемесін енді санитарлар тексергелі жатыр. Оқиға Степногорда орын алған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Балаларымен ем-дом алуға келген аналар түстік сусынды құрт-жәндікпен бірге қайнатқанын көріп шошыған. Олар тек құрты бар сусынға емес, жалпы ауруханадағы тағамға көңілі толмайтынын айтқан. Тамағы дәмсіз болғандықтан, пациенттер ас ішуден бас тартқан. 

Медицина мекемесіндегі тазалық та сын көтермейтін сияқты. Науқастар аурухананы тексеру керек деп жатыр. Мұны көрген санитар дәрігерлер «кешіктірмей, тексеріс бастаймыз» деп отыр.

«Аумақ басқармасымен жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Ол тексеріс прокуратура органдарына тіркеліп жүргізіледі. Бұған дейін ол тексерілген, жоспарлы түрде, биыл ақпан айында. Аталған факті бойынша ондай бұзушылықтар болған емес», – деді Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: