Жұма, 19 сәуiр, 17:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: Әлі де «қызыл аймақтамыз»

04.09.2021

604 0

«Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаса керек. Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған адам дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде.

Осы жылдың 2 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. Ал «Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы. Еліміз бойынша 2 қыркүйекте коронавирус инфекциясын жұқтырған 4930 жағдай тіркелді. Бүгінде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 803601-ге жетті.

Ал облыс бойынша 2 қыркүйекте 112 жағдай тіркелген. Оның 77-сі симптомды, 35-і симптомсыз жағдайлар. Соңғы мәлімет бойынша 256 науқас емделіп шықты. Былтырдан бері Қызылорда да 16113 науқас тіркеліп, 13821 адам дерттен айықты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында «Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпау керегін айтты. Алдағы уақытта әлемде коронавирустың жаңа штамдары шығуы мүмкін. Сарапшылар басқа да індеттер пайда болатынын айтуда. Біз оның қашан болатынын күтіп, қарап отыра алмаймыз. Осындай жағдайда өмір сүріп, әрі қарай дамуға бейімделуіміз керек. Қазір «бустерлік вакцинаны» сатып алу өте маңызды», деп атап көрсетті.

Ақ халаттылардың айтуынша, індеттен сақтанудың бірден-бір жолы – вакцина салдырып, сақтық шараларын қатаң сақтау керек. Адам көп шоғырланатын жерге бармай, шыққан жағдайда әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетпердені шешпеуге тырысу қажет. Сондай-ақ қолды жиі-жуып, антисептиктер пайдалануды әдетке айналдырып, спортпен шұғылданып, құрамы нәрлі ас ішкен жөн.

Ақмарал ОЛЖАБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: