Сәрсенбі, 16 қазан, 06:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Дәрігерлер үнемі негізсіз жазаланады – депутат Асхат Аймағамбетов

13.03.2024

625 0

Сурет: stan.kz

Бүгін мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерінің құқығы қорғалмай жатқанын айтып, бас прокуратураға сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Біз медицина қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтіруге қатысты жауапкершілікті күшейту туралы заңға түзету енгізуді ұсынған едік. Кейінгі кездегі оқиғалар бұл мәселенің өзекті екенін көрсетті. Әсіресе науқасты қабылдау бөлмелерінде кезекшілікте отыратын дәрігерлер немесе жедел жәрдем көлігі жүргізушілері үнемі негізсіз жазаланады. Біз заңды күшейтуді ұсындық. Себебі мұның аса қажет екенін түрлі оқиғалар дәлелдеп тұр. Бірақ түзету қолдау таппады. Неге? Неге медицина қызметкерлерін қорғағымыз келмейді?”, – деп сұрады Асхат Аймағамбетов мәжіліс отырысында. 

Сонымен қатар ол жыл сайын дәрігерлерге қатысты жүздеген қылмыстық іс қозғалатынын, оның аз ғана бөлігі сотқа жететінін атап өтті.

“Олар қылмыстық қудалауға ұшырайды. Сосын олар науқасты емдеудің орнына тергеушілердің есігін тоздырып жүреді. Біз зиян келтірген кезде ғана және сақтандыру болса ғана сотқа дейінгі тергеу жүргізуді ұсындық. Неге бұл норма қолдау таппады?”, – деп сұрады депутат.

Айта кетсек, Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалған агрессияны полицияға жасалған шабуылмен теңестіру ұсынылған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: